Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Біз өмірдің гүліміз! (Даярлықпен қоштасу ертеңгілігіне арналған сценарий)
БІЗ ӨМІРДІҢ ГҮЛІМІЗ! (Даярлықпен қоштасу ертеңгілігіне арналған сценарий)

Мақсаты: Балалардың даярлықта алған білімдерін тексеру, қорытындылау.
Міндеттері:
1. Балалардың білімдерін пысықтау, өз ойларын толық жеткізе білуге дағдыландыру.
2. Сөздік қоры мен тіл байлықтарын дамыту.
3. Үлкендерді құрметтеуге, ұйымшылдыққа, ұжымшылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: шар, гүлдер, мерекелік жазулар.

Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Жүргізушілер сахнаға шығады.
1 - ші жүргізуші: Қымбатты ата - аналар, қадірлі қонақтар, құрметті мұғалімдер бүгін біз мәпелеп, күтіп тәрбиелеген бүлдіршіндерімізді даярлықпен қоштастырғалы отырмыз. Әрине, бұл да үлкен той, тойларыңыз құтты болсын.

2 - ші жүргізуші:
Өтті қызық көп күндер
Жеті жасқа жеттіңдер
Барасыңдар сыныпқа
Бір белестен өттіңдер
1 - ші жүргізуші:
Өсті ақыл ойларың
Өсті міне бойларың
Қуанышқа ортақпын
Құтты болсын тойларың
Сахнаға балалар шығып тақпақтарын айтады.

1 - ші бала: Тамирлан
Қуанамыз, сыйлаймыз
Қуаныштың мың гүлін
Даярлықпен қимай біз
Қоштасатын күн бүгін

2 - ші бала: Гульвира
Ботақандай бөбек деп
Еркелеткен ұл - қызын
Анамызды ерекше
Қуантамыз біз бүгін

3 - ші бала: Нұрел
Бұл қуаныш себебін
Бізге қарап ұғарсың
Ержетті деп бөбегім
Туған Отан қуансын
Туған дала қуансын

4 - ші бала: Сәуле
Жерде қар жатса да
Асыр салып ақпанда
Күнде ертемен мектепке
Келетінбіз ақ таңда

5 - ші бала: Айдос
Добым, добым домалақ
Қайда кеттің домалап?
Үстел үстін бүлдірдің
Тәрелкені сындырдың

6 - шы бала: Гүлзада
Ана тілін ардақтап
Ата салтын біз көрдік
Сурет салып, ән жаттап
Оқып, жазып үйрендік

7 - ші бала: Мәди
Сүйген өз ұл - қызын
Бөбегім деп аянбай Мектебім өз үйім
Тәрбиешім болды анамдай

2 - ші жүргізуші: Ән: «Ақ көгершін» орындайтын «Өркен» даярлық тобының оқушысы Байжанұлы Дінмұхамет.

1 - ші жүргізуші: Балалар бізге қонаққа «Сауат ашу» мен «Әліппе» келе жатыр, кәне қарсы алайық.(Балалар амандасып қарсы алады)

Әліппе сөзі: Армысыңдар, жас достар
Армысыңдар, ата - ана
Болашаққа жол бастар
Әліппе келді ортаға
Білім деген ғажайыптың
Әліппесін меңгерер
Келешегі қазақтың
Басталады сендерден

Сауат ашу: Біз сендер даярлықпен қоштасып жатыр дегенді естіп қонаққа келдік. Енді өнерлеріңді, білімдеріңді әліппеге көрсетіңдер.

2 - ші жүргізуші: Ал енді балалар біз білімдерімізді, өнерлерімізді әліппе мен сауат ашуға көрсетейік. Кішкентай әріптерді ортаға шақырайық.

1 - ші бала: Әлішер Әріптерді таныңдар
Бәрін жаттап алыңдар
Онда қызық ойын бар
Оған көңіл қойыңдар

2 - ші бала: Бауыржан Ойнаңдар да ойлаңдар
Қызығына тоймаңдар
Бәрін қарап шығыңдар
Әріп сырын ұғыңдар
3 - шы бала: Мөлдір
А дегенім ардақты
Ақ сүт берген анамыз
4 - ші бала: Жаннел
Б дегенім бал тілім
Біз бақытты баламыз
5 - ші бала: Ермек
Ә дегенім әншінің
Әнге айналған әуені
1 - ші жүргізуші: Мың бұралған арулар аңдап басып,
Келеді міне ортаға толқып тасып.
Аруларын сыйлаған, халқым менің,
Көңілді қошеметпен қарсы алайық!- деп мың бұралған бишілерімізді қарсы алыңыздар.
Би: «Шығыс биі» ортада бишілер тобы
2 - ші жүргізуші: балалар, математикадағы Тапқышбек деген жолдастарыңды білесіңдер ме? (Иә)
Бүгінгі кешімізге Тапқышбек те келе жатыр, кәне, қарсы алайық.(Тапқышбек келіп балалармен амандасады)
Тапқышбек: Сәлеметсіңдер ме балалар! Сендер математика әліппе - дәптеріндегі менің тапсырмаларымды орындап жүрдіңдер. Енді сендерді өз көзіммен көрейін деп бүгінгі қоштасу кештеріңді естіп келіп қалдым. Құр алақан келмей өзіммен бірге сендердің білімдеріңді тексеру үшін тапсырмалар ала келдім.
Тапқышбек: Ой, балалар, сендер бәрін біледі екенсіңдер. Бірінші сыныпқа даярлықтарың жақсы екен. Қаламызда сендер сияқты көп балалар бітіріп жатыр соларға да барайын, сау болыңдар.
1 - ші жүргізуші: Ән: «Ана» орындайтын «балдәурен» даярлық тобының оқушысы Тайгоныров Елжан.
Әліппе: Балалар сендерге ризамын білімді, өнерлі екенсіңдер бірақ ертегі тыңдағым келіп тұр. Маған ертегі қойып беріңдерші.
2 - ші жүргізуші: Ендеше ертегі тамашалайық.
«Балдәурен» даярлық тобы - «Бауырсақ»ертегісі
Біз өмірдің гүліміз! (Даярлықпен қоштасу ертеңгілігіне арналған сценарий) жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама