Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
«Болашақ» стипендиясынан айырылған студенттерге қандай шара қолданылады

"Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ оқу үлгерімі нашарлап, стипендиядан айырылған студенттерге қандай шара қолданылатынын орталықтың баспасөз қызметі түсіндірді.

Орталықтың мәлімдеуінше, "Болашақ" стипендиясынан айыру немесе "Болашақ" стипендиясынан бас тартуды қабылдау туралы шешімді Республикалық комиссия бекітеді және әкімші («Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ) борышкерлерді тиісті шешім шығарылған күннен 10 жұмыс күні ішінде жазбаша хабарландырады.

«Борышкердің шығындарды бір жолғы төлеммен өтеу мүмкіндігі болмаған жағдайда әкімші берешекті өтеу туралы төлемдер кестесін құрастырады және ерікті түрде өтеуді қарастыратын 3 жылдан артық емес мерзімге келісім бекітеді», - деп жауап берді "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ баспасөз қызметі.

Жасалған Келісім шеңберінде шығындарды төлеу бойынша міндеттемелер орындалмаған немесе борышкер шығындар сомасын ерікті түрде өтеуден бас тартқан жағдайда әкімші шығындарды сот тәртібінде өндіріп алады.

"Шығындарды борышкерлерден өтеу туралы бітімгершілік келісімді жасау тәртібі Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Борышкер қарыз соманы өтемеген немесе борышкер шығындар сомасын ерікті түрде өтеуден бас тартқан кезде, Кепілге қойылған жылжымайтын мүлікті сату Борышкердің қарыз сомасын өтеу есебіне қайтару бойынша соттың шешімі бойынша жүзеге асырылады", - дейді орталықтың баспасөз қызметі.  

Еске сала кетсек, 2016 жылы үлгерімінің төмендігіне, әдетте, шетел тілін нашар меңгергендігіне байланысты 28 адам гранттан айырылған.

Жалпы статистикаға сәйкес, 2005 жылдан бастан оқу үлгеріміне қатысты 362 адам стипендиядан қол үзіп қалды, бұл шамамен 2 пайызды құрайды. 2013 жылы олар 147 млн теңгені, 2014 жылы - 272 млн теңгені, 2015 жылы - 384 млн теңгені, ал 2016 жылы 960 млн теңгені өтеген. Биылғы жылдың соңына дейін 1 млрд теңге төңірегінде өтеледі деп жоспарланған.

ҚазАқпарат


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама