Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
БҚО-да қызмет бабын теріс пайдаланған балабақша басшысына 700 АЕК көлемінде айыппұл салынды

Ақжайық аудандық №2 сотының үкімімен ҚР ҚК 361-бабы 1-бөлігіне сәйкес (лауазымдық өкілеттілігін теріс пайдалану) А.Панғалиев айыпты деп танылып, оған 700 АЕК көлемінде, яғни 1 млн. 387,4 мың теңге айыппұл салынды.

БҚО прокуратурасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, Ақжайық ауданы Қарауылтөбе ауылындағы «Нұрбақыт» балабақшасының меңгерушісі қызметін атқара жүріп, А.Панғалиев 2013 жылы осы ұйымның есепшісі Ш.Нұрғалиеваға 0,5 бірлікке аула сыпырушы қызметін жүктеп, оған еңбекақы төлеу жөнінде бұйрық шығарған. Ш.Нұрғалиева іс жүзінде бұл қызметті атқармаса да, оған жалақы екі жыл бойы төленіп келген.

БҚО қаржылық бақылау инспекциясының қорытындысына сәйкес А.Панғалиевтің қылмыстық әрекеттері салдарынан мемлекетке 200 мың теңгеден астам шығын келтірілген. 

Автор: Елжан Ералы

 

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама