Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Бүйен жегендер

Құс деген қандай жақсы жануар. Қораға қойсаң көркі қандай, жесең еті қандай. Әрине сатқан жұмыртқаны айтпай-ақ қоялық. Күші азая кетсе жұмыртқаға жармаса беретіндер до болады. Бірде қуыртып жеп, бірде сылқытып шикідей-ақ сорып қоятындар да табылады. Тіпті дауысы қарлыққан актерлердің де жұмыртқа жарып жұтып жатқанын жиі көресіз. Ал етке келгенде қалай дейсіз ғой. Қой еті ауыр, құс еті тәуір деседі.

Тіпті сіздердің ішіңізде де құс етін ешкім жек көрмейді. Сенбесеңіздер совхоз директорлары Шкариннің Әтешбаевтың, Рецтың үйіне бара қойыңыздаршы. Олардың екі күннің бірінде қуырған тауық, бітеу пісірген үйрек, майға көлкітіп қайнатқан жұмыртқаны іспелеп жеп жатқанын көрер едіңіз. Оның үстіне мамық жастық, құс төсек те осы құстан алынады емес пе?! Кеш болса-ақ жолдастар мамыққа малынып, қорылға басады.

Әсіресе, Рецті алыңыз. Арық тауықты қанша жек Көрсе, семіз тауықты сонша жақсы көреді. Аппақ төс етін, санындағы бос етін жегенде шөпшең қағады. Құсты асырап, жемдеуін ауырсынғанмен, жақсы жемделген тауықты, жемсауы майлы үйректі жеуді қиынсынбайды. Құс етін пісіріп әкеп қойғаныңызда бүйрегі, бауыры, өті, өкпесі, басы, бөтегесі қайда деп оны екі мүшені тізбектей жөнеледі. Ал Әтешбаевты әңгімелесек, ол Рецтен бір де кем түспейді. Ол тауық сорпасын «сіңімді» деп тапқан. Сондықтан да сап-сары майы кілкіп жүрген сорпаны ала отырып, «ет етке, сорпа бетке» деген деп тостағанды кезек-кезек босата береді.

Шкарин, Әтешбаев, Рец үшеуі бір жексенбіде аңға шығып, құс атып қайтпақ болыпты. Үшеуі үш жолмен шықса да, ақыры бір жолға тоқайласып қалыпты. Үш директор бірін бірі көріп «сапар оң болсын, қанжыға қанды болсын» айтысып, одан әрі жол сұрауға мұршасы келмей, өзен жағасын бойлап жөнелісіпті. Жуық арада ештеме кездесе коймай, бір пірімнен жалғыз шүрегей көріп үшеуі де кезеніп тұрып, мылтықтың шүріппесін тартып жіберген екен, шүрегей ұша жөнеліпті. Енді құлайды, енді құлайды деп тұрғанда ойларына «мұны кім байланады» деген ой түсіп: «Менің мылтығым бұрын атылып, оған бұрып дарыды» деп қалыпты бірі. «Жоқ менің оғым дәл тигенін өзім көрдім» депті екіншісі. Содан үшіншісі: «Екеуіңнің оғын. да дарымай, үйрек әрі ұшып кетіп бара жатқанда менің оғым артынан қуып жетіп, дөп тиді» депті.

Бірақ көп даурықпаға қарай қоймапты, ұзай беріпті.

Енді әңгіменің беті өзгеріп, талас туыпты.

— Сен бұрып атып үркіттің, бүйен жеген,— депті үшіншісі біріншісіне:

— Сен де бізден қалысқан жоқсың,— деді бірінші атқаны. Сонда екіншісі тұрып:

— Бірін бұрын атып үркіттің, ал,— депті үшінші атқанға қарап,— үйрек қонар ма еді, қайтер еді, сен тағы атып бұрынғыдан да жаман үрейін алып алысқа жібердің. Оғымыз қисық кетті, бүйенді үшеуміз де аянбай-ақ деген екенбіз сорлы басымыз,— деп көңіл жұбатыпты.

Сөйтіп үшеуі үйрек дауымен көп жерге кетіп қалыпты. Бір кезде қылт ете түскен қаз мойнын көріп, мылтықтарын кезенісе қалыпты. Ол қаздың аржағында үйір-үйір құс жатқан соң тоқмейілси қалып және жаңа ғана біткен үйрек дауынан жүректері шайылып қалған батырлар «сен ат, мен атпен» тұрысыпты. Сөйткенше «Тарт!» деген дауысқа қараса, арттарында «Таранов» совхозының құс бақташысы тұр. Осы жерден бұл совхоздың директоры да табыла кетіпті. Ол мына үш директорға совхозда жұмыртқаның 35 тиынға түскенін, құстан жарым миллион сом табыс алғанын айтыпты. Содан бүйен жеген мергендер құс сорпасын сұраған екен, «Таранов» совхозының директоры қысқасын бір-ақ айтыпты:

— Сендерге құс фермаңызды мен тараттырған жоқпын, берекеден безген өздерің, ет жегілерің келсе еңбектеніңдер!

Құс етін жегісі келгенімен, құс өсіргісі келмейтін осы үшеуінің арасынан осы жерде тағы дау шығыпты. Алғашқы сөзді Шкарин бастап кетті:

— Міне құс өсірмедің деп кінәлауға болмайды. Ондайлар мыналар болуы керек,— деп қалған екеуін көрсетті.— Әйтпесе мен бір гектар жерге 200 құс өсірудің орнына, екі жүз гектар жерде бір құс өсіріп отырмын. Мен қысқасын айтқанда құсқа кең көлемді жер беріп, жүруі түгіл ұшуына да мүмкіндік жасадым. Өспесе өзі білсін! Мені құс етін ерекше аранмен жесе де, асырауға келгенде тайқып шыға беретін Әтешбаев деп ойламасын,— деп тоқтады.

— Сауып ішер сүті жоқ, ауыз толар еті жоқ, құсты асыра деген сендей құс құмарлар. Мен сорпасына ғана бола еске аламын. Әйтпесе қой етімен-ақ совхозды қоңдандырып тастар едім,— деп тоқтады Әтешбаев.

Нақ осы кезде үшінші директор Рец өзінің тауықтарына қатты өкпелі екенін білдіріп қалды. Оның фермасындағы мекиендер жылына 8—9 жұмыртқа ғана салады екен.

—Тауықтарды да сынап алатын уақты жетті,— деді ол өз сөзінде, — әйтпесе, әбден бюрократтанып алған, жұмыртқа салмайды.

Нақ осындай бюрократ тауықтар Шкарин басқаратын совхоздан да кездеседі екен. Директор бұл тауық өкіне өкпелеп, қапалана қарайтын сияқты. Өкпелемей қайтсін, өйткені мекіренген мекиен, қоқиланған қораздың бәрі де қонақасыға жарамайды. Жұмыртқа жағына келсеңіз, мұнда он жұмыртқа 133 сом 50 тиын тұрады. Яғни екі адам мықтап тою үшін жиырмасын алсаңыз 267 сом суырып бересіз. Сондықтан осы совхозға командировкаға барғанда байқап барып, тамақты абайлап жемесеңіз тотиып қалуыңыз мүмкін.

Бұлар осылай бюрократ тауықтарды жазғырып отырғанда біздің көңілімізден бip күдік кетпеді. Ол: «Апыр-ай, Шкариннің үйімдегі жеңгеңіз де он жұмыртқаны 133 сом 50 тиыннан ала ма екен, ә?! деген ой еді. Шынында солай болса бұл бағаға Шкарин, Әтешбаев, Рецтер шыдай қояр ма еді! Дегенмен де бұл үшеуінің халдары мүшкілдеу екен. Бұлардың көңілдеріне қарамай, тауықтар да оңбайды. Өздері-ақ қанат жайып өсе бермей ме екен, директорлар қалағанша жұмыртқа да сала бермей ме екен! Мамық жастық, құс төсек сонда көбейер еді-ау! Әй бюрократ тауықтар-ай! Семіз ет пен уызды жұмыртқаның дәмі таңдайдан кетпейтінін қалай-ақ түсінбейді екен. Қайран дәмді ет, қымбат жұмыртқа. Я, айтып-айтпай немене, жұмыртқа қымбат! Бүйен жеген байқұстарға ол ұстата қоя ма?!

1955


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама