
- 25 мам. 2020 00:00
- 283
Биыл «Алтын белгіге» 8 506 оқу үздігі үміткер
Биыл «Алтын белгіге» 8 506 оқу үздігі үміткер болып отыр. Мұндай дерек ҚР Білім және ғылым министрлігінің Telegram парақшасында жарияланған ақпаратта келтірілген.
Ведомство мәліметінше, қазіргі таңда Қазақстанда 7 412 мектеп бар. Оларда 3 349 069 бала оқиды. Осы жылы 9 сынып түлектері — 266 897, 11 сынып түлектері — 144 706 бала болды. Түркістан облысында түлектердің саны ең көп — 24 мыңнан астам. «Алтын белгіге» 8 506 оқу үздігі үміткер болып отыр.
Ұлттық бірыңғай тестілеуге 130 мыңнан астам адам қатысады. Оның ішінде 111 017 бала — биылғы оқу жылының мектеп түлектері, 20 454 бала — колледж және өткен оқу жылдарының мектеп түлектері.