Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Биыл елімізде қандай шетел университеттерінің филиалдары ашылады

Жоғары оқу орындарының ұлттық рейтингі енгізіледі. Бұл туралы Үкімет отырысында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты.

«Шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарын құру бойынша да ауқымды жұмыс атқарылды. 2022 жылы Алматы қаласында De Montfort University филиалы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің базасында «МИФИ» Ұлттық ядролық зерттеу университетінің филиалы, С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті базасында И.Губкин атындағы Ресей мұнай және газ университетінің филиалы, сондай-ақ М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің Аризона университетімен стратегиялық әріптестігі құрылды», - деді С.Нұрбек.

Оның айтуынша, биыл тағы бірнеше филиал ашылады:

2023 жылы:

- Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті базасындағы Хериот-Уотт университетінің (Шотландия) филиалы;

- Шәкәрім университеті базасындағы Экономика университетінің (Польша) филиалы;

- Есенов университеттің базасында Неміс жоғары оқу орындарының консорциумы құрылды.

«Ал келер жылы 5-6 мықты оқу орындарының филиалдары ашылады», - деді министр.

Оның айтуынша, алғаш рет Times Higher Education агенттігімен бірлесіп, Жоғары оқу орындарын саралаудың ұлттық жүйесі жобасы әзірленді. Елімізде жоғары білім беру жүйесін дамытудың өзекті мақсаттары мен міндеттерін ескеретін әдістеме әзірленді. Ұлттық рейтинг талапкерлерге болашақ мамандықты таңдағанда, әсіресе, шетелдік студенттер үшін қажет. Рейтинг әлемнің жетекші рейтингтік агенттіктері (QS, THE, CWUR және т.б.) пайдаланатын индикаторлар мен көрсеткіштерді қамтитын жоғары оқу орындарының білім беру-ғылыми қызметін кешенді бағалауды ескереді. Ұлттық рейтингті қалыптастыру цифрлық технологияларды пайдалана отырып жүзеге асырылатын болады.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама