- 07 сәу. 2022 00:00
- 217
Биыл колледждерде білім алу гранттарының саны 45 мыңға артады - ҚР БҒМ
Биыл колледждерде білім алу үшін гранттар саны 45 мыңға артып, барлығы 125 мың грант бөлінеді.
Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларға арнайы гранттар қарастырылған, ол үшін «Білім туралы» Заңға өзгерістер енгізілді. Енді көпбалалы отбасылардан шыққан балаларға – гранттардың 5%, толық емес отбасылардан шыққан балаларға - 1%, физикалық мүмкіндіктері шектеулі балалары бар отбасылардан шыққан балаларға-1% бөлу көзделген.
Өткен жылы колледждерге қабылдау 10 мыңға артып, 166 мың адамды құрады, оның ішінде 93 мыңнан астамы мемлекеттік тапсырыс бойынша (тегін оқуға) түсті, соның ішінен 67%-ы квоталық санаттар бойынша өтті (61,9 мың адам).
«Бүгін біз техникалық мамандықтарға сұраныстың артып келе жатқанын көріп отырмыз, бұл туралы Мемлекет басшысы да айтты, сондықтан 2025 жылға дейін мемлекеттік тапсырыстың 70%-ын (қазір 45%) металлургия, IT, құрылыс, инженерия және қызмет көрсету сияқты бағыттар құрайтын болады.
Бүгінде әкімдіктер жанындағы арнайы комиссиялар өңірлерде сұранысқа ие мамандықтар тізімін жасап жатыр. 30 сәуірден бастап облыстардың және Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармаларының сайттарында мемлекеттік тапсырыс көзделген мамандықтар туралы ақпаратпен танысуға болады», - делінген хабарламада.