- 05 нау. 2024 03:32
- 217
Дамыған орта ғасырлардағы мемлекеттер. Қарахан мемлекеті
2 ТАРАУ. Дамыған орта ғасырлардағы мемлекеттер.
Қарахан мемлекеті
Конспект
10 ғасырдың орта кезінде, 942 жылы Жетісу аймағы мен Шығыс Түркістанның бір бөлігінде Қарахан мемлекеті құрылды. Орталығы – Баласағұн қаласы. Мемлекеттің негізін Сатұқ Боғра хан қалады.
Қарахандықтардың этникалық құрамына жікіл, яғма, қарлұқ, оғыз, қаңлы, үйсін тайпалары кірді. Қарлұқтар мемлекеттің құрылуында басты рөл атқарған тайпа болып саналады.
Жер иеленудің бір түрі – “иқта”, ал иеленуші адам “иқтадар” (парсыша) деп аталды. “Иқтаның” мәні – “иқтадар” қарапайым халықтан салық жинап, ханға әскери қызмет етуге міндетті болды. Дінбасылар мен діни мекемелерге ірі жер иеленушілер, көшпелі әскербасылар өсиет етіп жер қалдырып отырған. Оларды “вакфтық жерлер” деп атаған. Отырықшы аудандарда үлескерлерді араб, парсы деректерінде “музари” немесе “барзигар” деп атаған. Мұның мәні – шаруалардың үлеске алған жерлерінен алым - салық жинап отыру. Бұдан басқа “коммендация” деп аталатын қанау түрі болған. Әлсіз адам өз үлесіндегі жерді күштінің қамқорлығына берген. Кейін әлсіз адам отбасын қорғағаны үшін ірі жер иесіне салық төлеген.
Мұса хан өзінің ықпалын күшейту үшін 960 жылы исламды мемлекеттік дін етіп жариялады. 10 ғасырдың екінші жартысында әлеуметтік қайшылықтардан Самани әулетінің үстемдігі әлсіреді. Мұны пайдаланған Хасан Боғра хан Испиджабты ешбір қарсылықсыз басып алды. 10 ғасырдың соңында қарахандықтардың Орта Азияға жорығы қайта басталды. Осылайша Қарахан мемлекеті Мәуереннахрды біржолата бағындырды. Қарахан мемлекетінің негізі үлесті жүйеде қаланып, Шығыс және Батыс иеліктерден тұрды. Шығыс хандықтың аумағы – Жетісу мен Шығыс Түркістан. Батыс хандық Мәуереннахрды биледі. 12 ғасырдың 30 жылдарында Жетісуға шығыстан қарақытайлар басып кірді. 1212 жылы Шығыс хандықты найман ханы Күшлік басып алды. Ал Батыс иеліктің ханы қаза болғаннан кейін, Мұхаммед 1212 жылы Батыс хандықты біржолата құлатты.
Исламның мемлекеттік дін болып жариялануы қала келбетіне, құрылыс жүйелеріне өзгерістер енгізді. Қарахан мемлекетінің аумағында Айша бибі, Бабаджа қатын кесенелері салынды. Қарахан сәулет өнерінің тағы бір ерекшелігі Шығыс моншаларының салынуы болып табылады.
Конспект сұрақтар
1. 12 ғасырдың 30 жылдарында Жетісуға басып кірген тайпа:
2. Қарахандықтардың шығыстағы иелігін басып алған хан:
3. Түріктерде мал өсірудің басты орын алғандығын жазған тарихшы:
4. Әдет - ғұрпы мен тілі жағынан түріктерге ұқсас болған халық:
5. Қарахан мемлекетінің аумағында орналасқан кесене:
6. Салжұқ сұлтаны Мәлік шах жаулап алған Батыс Қарахан хандығының қалалары:
7. Қарахан мемлекеті дербес екі иелікке бөлінді:
8. Батыс Қарахан хандығының аумағы:
9. Шығыс Қарахан мемлекетінің орталығы:
10. Насыр ибн Әлидің Мәуереннахрға жорыққа аттанған жылы:
11. 10 ғасырда Испиджабты, Бұхараны, Самарқандты жаулап алған хан:
12. Қарахан мемлекеті исламды мемлекеттік дін етіп жариялады:
13. Қарахан мемлекетіндегі отырықшы аудандардағы үлескерлердің араб, парсы деректеріндегі атауы:
14. Дінбасылардың иелігіндегі жерлер:
15. Қарахан мемлекетіндегі жер иелену түрі:
16. Қарахан мемлекетіндегі мемлекеттік саяси - әкімшілік іс жүргізетін орын:
17. Қарахан мемлекетінің құрылуында басты рөл атқарған тайпа:
18. 942 - 1212 жылдар аралығында өмір сүрген мемлекет:
Тақырыптың тесті

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.