Photo: Pixabay (https://www.pexels.com/@pixabay) / Pexels
- 16 нау. 2026 07:30
- 21
Дариға Бадықованың экс-күйеуі: Ажырасуға психологтар кінәлі
Танымал актриса Дариға Бадықованың бұрынғы жары, актер Дархан Мұсаев жұптардың ажырасуына қатысты ойын бөлісті. Оның айтуынша, бұл жағдайға психологтардың ықпалы бар.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Актер «Үйлену оңай» фильмінің премьерасы кезінде журналистердің сұрақтарына жауап беріп, отбасындағы кез келген мәселенің екі адамның да жауапкершілігі екенін атап өтті. Алайда, ол қазіргі қазақстандық психологтарды кінәлі санап, олардың отбасылық қарым-қатынастарға кері әсерін тигізуі мүмкін екенін меңзеді.
Мұсаевтың бұл пікірі әлеуметтік желіде қызу талқыланып, әртүрлі реакциялар тудырды. Кейбір қолданушылар актермен келіссе, енді біреулері әр отбасының жағдайының ерекше екенін алға тартты.