Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Дарынды бала және оның дамуындағы мәселелер
Дарынды бала және оның дамуындағы мәселелер
Мектепке дейінгі мекеменің негізгі мақсаты тұлғаның жан жақты дамуын қалыптастырып, болашақ өмірге даярлау. Қоғамдық өмірге бейімделген интеллектуалды жеке тұлғаны қалыптастыруда еліміздің ғылыми әлеуетін жоғарғы деңгейге көтеретін ұрпақ тәрбиелеу. Баланың дамуының өте қарқынды кезеңі 2 жастан бастап 5 жасқа дейінгі аралықты қамтиды. Осы жаста тұлғалық негізі қалыптасады және ол өзін көрсете бастайды. Бұл кезеңде ең маңызды мәселелердің бірі бала бойындағы қабілетті ашып, оны ары қарай дамыта білу. Қазақстан Республикасындағы білім беруді жаңғырту жағдайында дарынды балалар тұлғасының ішкі әлеуетін дамыту ең көкейтесті мәселе болып табылады.

Бала бойының өзгешеліктерді, өзіне тән қасиеттерін байқай отырып, біз оның белгілі бір іс әрекет түріне қабілеттілігін байқаймыз. Бала бойындағы қабілеттіліктері оның болашақта өз жолын таңдауына әсер етеді. Көбіне балалық шақта байқалатын табиғи нышандардың ойдағыдай үйлесіп келуінен туындайтын қабілеттіліктердің түрі дарындылық деп аталады. «Дарындылық» ұғымы − бұл жүйелі, бір немесе бірнеше әрекет түрі бойынша адамның басқа адамдармен салыстырғанда жоғары нәтижеге жету мүмкіндігін анықтайтын, өмір бойы дамитын психикасының сапасы. «Дарынды бала» − өз құрбыларымен салыстырғанда интеллектуалдық қабілеті, оқуға құштарлығы, шығармашылық мүмкіндігі және оны көрсете білу деңгейі жоғары; танымдық сұранысы белсенді; ой еңбегіне қызығушылығы жоғары балалар. Дарындылық − орта деңгейден жоғары зияткерлік қабілеттер, креативтілік және қайсарлылық тоғысқан үш мінездеме. Талант – қабілеттіліктің жоғары деңгейі. Ол суретшінің, өнертапқыштың, ғалымның және кез келген істі шығармашылықпен шешуді талап ететін өзге де мамандық иелерінің өзгешелігімен, түпнұсқалығымен ерекшеленетін еңбектерінің болуымен сипатталады. Данышпандық – қоғам өміріне тарихи маңызы бар, шығармашылықпен сипатталатын дарындылықтың жоғарғы деңгейі.

ШҚО, Өскемен қаласы,
Мектепке дейінгі мекеме «Азамат» балабақша - бөбекжайы
Педагог - психолог: Шангишбаева Гульмира Слямовна

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама