Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Деңгейлік тапсырмалар орындау дәптері
Тақырыбы: Деңгейлік тапсырмалар орындау дәптері
Оқушыларға берілетін тапсырмалар

«Көпір тапсырмалар»
1. Сөйлемдегі етістіктерді тауып, түбірі мен жұрнақтарын дефис арқылы ажырат.
Шұғалар өлеңдерін тоқтатып, арқаннан түсті.
Домбыра алдырып, Әбдірахман ән салды.
2. Сызба кестені толтырыңдар.
Етістік –
Мағынасына қарай:
Тұлғасына қарай:
Құрамына қарай:
Ерекше түрі:

Деңгейлік тапсырмаларды орындап, балл жинаңдар
Теориясы: «Білу»
1 - Деңгей
1. Етістіктерді есімшеге айналдыр.
Ж Ұ Р Н А Қ Т А Р
Кел
Жүр
Сал
Ора
Қи
2. Төмендегі етістіктерді бір сөз тіркесінде салт, екінші тіркесте сабақты етіп құрап, мысал жазыңдар.
.... кел........ кел....
..... өс......... өс....
..... айт......... айт....
..... отыр......... отыр....

Теориясы: «Түсіну»
2 - деңгей (5 балл+ 4 балл = 9 балл)

1. Әрі ортақ етіс, әрі зат есім мағынасында қолданылатын сөздер ойлап жазыңдар, оны мысалмен дәлелдеңдер.
______________________________________________________________________________
2. Мына етістіктер қандай мақал – мәтелдерде кездеседі?
Етістіктің құрамына талдау жаса.
.... болсаң,.... бол.
..... болмай,..... болмас.
Ойнап......, ойлап......
3. Оқулықтағы 251 - жаттығудағы қарамен жазылған есімшелерді теріп жазып, жұрнақтарын ажырат.
___________________________________________________________
Теориясы: «Жинақтау»

3 - деңгей (9 балл+ 3балл = 12 балл )

1. Сұрақтарды жауап беру арқылы, бос торларды толтыр.

а) Зат есімнің іс - әрекет, қимылын білдіретін сөз табы.
ә) Іс - әрекет пен орындаушының арасындағы байланысты
білдіретін етістіктің бір түрі
б) Іс - әрекетті өзі орындайды.
в) Есімше сияқты түрленетін етістіктің ерекше түрі.
г) Өзінің алдындағы байланысып тұрған сөздің табыс септікте
келуін талап ететін етістік түрі
ғ) Есімдерше түрленетін етістіктің ерекше түрі
д) Іс - әрекетті өзге біреуге орындатады.
Е
Т
І
С
Т
І
К
2. «Енді» сөзінің әр түрлі сөз табы болатынын мысал келтіріп дәлелде.
_________________________________________________________________________
3. РАФТ әдісі бойынша ой толғау жазыңдар.
«Етістік», «Етіс»

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама