Photo: Juan Pablo Serrano (https://www.pexels.com/@juanpphotoandvideo) / Pexels
- 16 ақп. 2026 02:31
- 20
Димаш Құдайберген қырғыз әншісімен алтыбақан тепті: «Қырықта қылық шығардық!»
Әлемге танымал әнші Димаш Құдайбергеннің қырғыз опера әншісі Нур Чолпонмен бірге алтыбақан тепкен видеосы желіде қызу талқылануда. Бұл жағдай көпшіліктің қызығушылығын тудырды.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Димаш пен Нур Чолпон алтыбақанда
Видеода қырғыз әншісі Нур Чолпоннің Димашты өзі шақырғаны көрінеді. Димаш сыйластық танытып, әншінің ұсынысынан бас тартпай, алтыбақанға бірге шығуға келісім берген.
Алайда, Димаш өзінің бұл әрекетіне қатысты әзілдеп, былай деген:
«Жасым мыңға келіп мына жаққа мінгеніп қалай болар екен... Қырықтан кейін қылық шығардық деген осы ма?»
Әншінің бұл сөздерінен оның жағдайға өзі де сәл ыңғайсыздық танытқаны байқалады.