Photo: Life Of Pix (https://www.pexels.com/@life-of-pix) / Pexels
- 21 ақп. 2026 03:00
- 18
Димаш Құдайбергеннің қымбат көліктен түскен сәті жұртшылықты таң қалдырды
Әлемге танымал әнші Димаш Құдайбергеннің отбасымен бірге «Димаш: бір дауыс – мың ел» көрмесінің ашылуына келген сәті желіде қызу талқыланып жатыр. Әсіресе, әншінің қымбат көліктен түскен кездегі әрекеті көпшіліктің назарын аударды.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Кейбір желі қолданушылары Димаштың қымбат көлігінің есігін жапқандағы әрекетін «қораның есігін жапқандай» немесе «уазик сияқты жапты» деп сипаттады. Алайда, көпшілігі әншінің қарапайымдылығы мен кез келген жерде қазақ тілінде сөйлеуіне, сондай-ақ той әншілері сияқты күзетшілермен келмегеніне ризашылығын білдірді.
«Димаш нағыз патриот, жүрген жерінде қазақ тілінде сөйлейді», «Ойбай» деп қояды, қандай қарапайым», «Той әншілері болса күзетшімен келер еді», – деп жазды олар.