Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 8 сағат бұрын)
Досмұқасан

Әр ауылдан Алматы қаласына оқуға келген бір топ жігіттер Политехникалық институтта бастарын қосады. Балалық шақтарынан музыкаға әуес болған олардың қатарында — Мұрат Құсайынов, Досым Сүлеев, Хамит Санбаев, Шәріп Омаров, Бақыт Жұмаділов, Александр Литвинов және басқалары бар еді. Бұл топ музыка мен ән жазып, алғаш рет Баянауылда студенттердің құрылыс отрядында концерт қояды. Бірақ ол кезде топтың арнайы атауы жоқ болатын. Венгерлік достары Янош Карпатый жігіттерге «Досмұқасан» деген атауды ұсынады. Бұл сөз олардың есімдерінің алғашқы буындарынан құралған еді. Қазақстанның ұлттық мақтанышына айналған топ өмірге осылай келген.

«Досмұқасан» ансамблінің репертуары халықтың құрметіне ие болып, сүйікті әндеріне айналды. Бұл — «Той жыры», «Сұлу қыз», «Алматы түні», «Қайдасың», «Құдаша», «Куә бол», «Туған жер» және т.б. Тіпті Оңтүстік және Солтүстік Америкада да, Еуропа елдерінде де осы топты қуана қарсы алған. 1977 жылы «Досмұқасан» Америкаға бітімгершілік гастролімен барып, 180 концерт беріп келген.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама