Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Достық

Жастайымнан бірге болғам өзіңмен,
Нұр шуағы төгілді сенің көзіңнен.
Әрқашанда бірге болсақ деп едім
Бұл өмірге қарау керек төзіммен.      

Мырзаханов Алдаберген

Достық – адамдардың бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті. Достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. Нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиыншылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі. Дос-жарандардың мінездері әр түрлі болып келуі мүмкін. Мысалы, біреуінде қызбалық не шабандық, екіншісінде тұйықтық не жігерсіздік байқалса да, бұлар достыққа кедергі бола алмайды, қайта нағыз достық осындай кемшіліктерден арылуға көмектеседі. Сатқындық, екі жүзділік, өтірікшілік, өзімшілдік достықпен сыйыспайды. Қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесінде достыққа үлкен көңіл бөлінеді. Халық арасында достық туралы мақал-мәтелдер жеткілікті: “Дос жылатып, дұшпан күлдіріп айтады”, “Досы жақсының, өзі де жақсы”, “Дүниеде адамның жалғыз қалғаны — өлгені, қайғының бәрі соның басында”. Достыққа қарама-қарсы ұғым — қастық пен күншілдік. Мұндай сезімге ерік алдырғандар басқаның қуаныш-қызығын, ырыс-бағын көтере алмайды, дос дегеннің не екендігін білмейді. Дұрыс дос таңдай білу — өмірлік мақсаттардың бірі. Бір дос бар мұрныңнан қан кеткенше, Бір дос бар астыңнан тақ кеткенше, Бір дос бар басыңнан бақ кеткенше, Бір дос бар қораңнан мал кеткенше, Бір дос бар кеудеңнен жан кеткенше, - деген қазақ халқымыз.Біз дос туралы ұғымды бастауыш сыныптан аңғарамыз. Мектепте ұстаздарымыз бізге достықтың құдіретін, қыр сырларымен таныстырады. Әр жексенбіде бір-біріміздің үйімізге барып ойнап,бір бөлке нанды бөлісіп жейміз.Біріміздің киіміміз ді де ауыстырып киген күндеріміз де болған. Бүгін көк қағаз билеген заманда жастар осылайша өз құндылықтарымызды сол бір мардымсыз дүниеге алмастырады. Өмірде ақшадан биік қасиеттер бар, бар байлығыңмен алмастырып ала алмайсың. Алайда жастайынан ақша болса болды, ақшаға барлығын сатып аламын деп ойлайды. Иә расындада ақшасы көп адамдардың айналасында дос сымақтар көбейеді, сенің қаншалықты ақшаң көбейсе, досың да  көбейеді. Алайда сол достардың өзін бірнеше топқа бөліп қарауға болатынын біледі мекен? Достық сезім пәкақ қағаздың бетіндей болуы тиіс.

 Достық – адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Мұны жырға қоспаған, тақырыбына арқау етпеген ақын-жазушы кемде-кем. Тіпті, жоқ десек те болады. Соның бірі – ұлы Абай.
Абай - ірі гуманист ақын. Сондықтан ол адам адамды сүйе білуі керек деген идеяны берік ұстады. Ол жалпы адам баласының достығын жыр етті. Абайдың көп өлеңдерінде адам баласы біріне-бірі жаулық емес, достық іздесін деген пікір өзек болып тартылып жатады.
Абайдың түсінігінше, ең қызық өмір - татулық, достық. Күн сайын жаулықтың отына май тамызып тұтатушы қоғамның жуан ортасында отырса да, Абай өле-өлгенше достықты жырлаумен болды.

Жүрегі жұмсақ білген құл,

 Шын дос таппай тыншымас.

 Пайда, мақтан - бәрі тұл

Доссыз ауыз тұшымас, - деді.

Менің ойымша, достыққа шөлдеген, достықты аңсаған ақын өзгеден мін іздеп, өзгеге кінә артпайды. Өзгеге талап қоймастан бұрын, өз жанына үңіліп, өзінің қандай дос бола аларын ойлаған ақын өз сөзін дәл осылай жинақтайды.

Мұқағали атамыз достық туралы керемет өлең жолдарын қалдырды.

Досым, саған сенемін. Сеніп өтем!
Жолы бөтен демеймін, жөні бөтен.
Достық деген - адамның көрігі екен,
Достық деген ақылдың серігі екен.
Достық – бұл өмірдегі ешнәрсемен бағаланбайтын құндылық.

Менің досым бір сыныпта,бір жақта,бірге ойнап,бірге өсіп келе жатқын Айбек батыр.Досым туралы қалай айтсаңда жарасымды.Өйткені ол,өзіме жүз пайыз сенімді адам.Менің мына өмірдегі жан серігім,жан досым.
Дос биікке жетелейтін, қуанышыңа ортақ, қиындықта демеу болатын жан. "Жігітті досына қарап таны! - деген қазақ пәлсапасы өте орынды айтылған. Бұл ұғым аласармасын десек әрбір адам дос тұрғысынан да адал міндет атқарғаны абзал. Сонда ғана достықтың құны жоғары болмақ. Ия,достық ол көптеген нәрселерге көзімізді жеткізеді."Досы көпті жау алмайды,ақылы көпті жау алмайды" деп дана халқымыз жөнсіз айтпаған.Әрине,досың көп болғанымен,олардың адал әрі нағыз достар болғаны абзал..

Марат Нұрсұлтан Асылбекұлы


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама