Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Достық қымбат өмірде тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Достық қымбат өмірде» тәрбие сағаты

Мақсаты:
а) оқушыларға достың адам өміріндегі маңызы, орны, достықтың шынайы белгісі туралы айтып түсіндіру;
ә) берілген сұраққа толық жауап беруге үйрету;
б) Оқушыларды адамгершілікке, адалдыққа, тату, мейірімді болуға тәрбиелеу, әр балаға өз досының жақсы жақтарын үлгі тұтып, сол жақсы қасиеттерін өз бойына сіңіре білуге үйрету.
Түрі: Сайыс сабақ
Көрнекілігі: нақыл сөздер, суреттер, түрлі - түсті қағаздар, плакат, слайд

Барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі:
2. Шаттық шеңбері
Әрқашан дос, біргеміз,
Ажырамас іргеміз.
Ту ғып ұстап бірлікті,
Тату – тәтті жүреміз
3. «Атомдар, молекулалар» жаттығуы арқылы топқа бөлу
4. Ән тыңдау «Достарым»
Тақырыпты ашу сұрақтары.
Ән не жайлы болды?
Дос деген кім?
Ендеше, бүгінгі тәрбие сағатымызда не туралы әңгіме қозғаймыз?
4. Кіріспе сөз Дос – ақылшы, көмекші, сырлас, жақын, адал, шыншыл деген ұғымды береді. Достық әрбір адамның өміріндегі ең қызықты да, қимас та, қиын кезеңде қасыңда жүретін адамның саған деген адал мінезі. Адалдықсыз достық болмайды. Ал адалдық деген – рухани тазалық. Достық - адамдардың бір – бірін жаны қалап, жақын көріп, қалтқысыз сеніп, тілектес, мұраттас болуы.
Досың бар ма? Ол кім?
Достық шынайы сезім бе, әлде жай ұғым ба?
Достық жасқа байланысты ма?
Қыз бала мен ер баланың арасында достық бола ма?
Жақсы дос, жаман дос қандай болады?
Дос қандай болу керек?

5. Ой шақыру:
«Мен досыма сенемін, себебі мен.........» сөйлемді жалғастыру. (2 мин)
Әрбір адамға дос керек, өйткені....
Сыйластық бар жерде......

Достық
Ертеде, Есім ханның ел билеген заманында, бір кішкентай қалашыққа Досымбек деген талантты, әділетті жігіт қазы болып сайланыпты. Ақкөңіл, адал ниетті жас жігіт ел сенімін ақтап, әділетті сот билігін жүргізді.
Ақжарқын мінезді Досымбек бір күні әкесіне аңқылдап сырын айтады:
- Әке, бұл күнде дос - жарандар көбейді. Бәрі де адал дос боламыз, қиындықта жаныңнан табыламыз деседі.
- Онысын келешекте Алла біледі,- депті әкесі.
Әкесі Сабыржан қарапайым шаруаның адамы екен. Бірақ «ханға бергісіз қараша бар» дегендей әкесі ойшыл, кемеңгер екен.
- Балам, ертең қолың бос бола ма? Осы айтқан сөзіңе байланысты мен саған ғибрат мысал көрсетейін,- депті.
Ертеңіне түйе жеккен арбасының үстіне киіз сырмаққа ұзынынан бір серкені көрсетпей орап салады да, өлген кісіше жатқызып алып жүреді.
- Сен алдына жүріп отыр, әрбір досыңның есігінің алдына тоқтап тұр. Сөзді мен өзім айтамын, сен үндемей тұрасың,- деп ұғындырады.
- Шырағым, жан қысылып өзіңе келдік. Мынау, Досымбек - жан досың, істі болып қалды. Оқыстан қата тиіп, сойылға жығылып, мына бір адам өліп қалды. Шын дос болсаң, мына арбаны өлігімен бүгінше бір жеріңе паналатып бер,- дейді Досымбектің әкесі.
Үй иесі ат - тонын ала қашып, азарда - безер болады.
- Пәлеңнен аулақ, мынадай пәлесі тиетін нәрсені әрі әкетіңіз!- дейді.
Сөйтіп, бала бір досынан кейін бір досына бара береді. Бәрінің сөздері сол болады: «Пәлеңнен аулақ, кетіңіз! Досымбекпен достық кезінде болған нәрсе»,- деп біреуі де бұларды үйлеріне жуытпайды.
Соңғы үйлердің біреуі қиналыпты: «Мынау қиын болды ғой, өлікті қалдырып кетіңіз, көлік пен арбаны алып жүре беріңіз, өлікті жасыра тұрайын»,- депті.
Енді бір ғана досы қалыпты.
«Бұған да бара кетейік»,- деп шаруасын айтса:
- Қайтейін, Досымбекпен бірге көрейін, досым үшін жаным садаға! Арбаны да, көлікті де, өлікті де - бәрін осында қалдырып, өздерің кете беріңдер,- депті.
- Міне, балам, басыңа қиындық іс түскенде, жаныңда бірге болатын шын дос - жолдасың жүз кісіден бір жарым ғана болғанын өз көзіңмен көрдің,- депті әкесі баласына.
Оқушылардың пікірі тыңдалады.

7. Сергіту жаттығуы
8. «Достық үйін қалау»
«Бес саусақ бірікпей, ине қолға ілікпейді» дегендей бәріміз жұмыла бірауыздан алдымыздағы жүкті көтерейік.

9. Қорытынды.
Балалар, бүгін біздер достықты берік сақтау үшін, одан әрі нығайту үшін керекті көптеген жақсы қасиеттерді бойымызға сіңіріп, жаман қасиеттерден арылуға күш салдық. Алдағы уақытта өмірімізге нәр беретін, сын сағатта қасымыздан табылатын достарымыз көбейе берсін деген тілекпен, сендерге мына жылулық тарайтын алақанға сыныптас көршінізге тілек тілеп, мейірімді жүрекке ілуіңіз сұралады.
Сабағымызды сөзі: Т. Молдағалиев
әні: С. Бәйтереков «Дос туралы жыр» әнімен аяқтайық.

10. Ән шашу «Дос туралы жыр»
1. Іздегенде табылатын қасыңнан,
Көңілі бар қызғалдақтай ашылған.
Көріспесе сағыныштан жүдейтін,
Кім бар жақын бала күнгі досыңнан.
Жан досым үстем болсын мерейің,
Әр қашан жеңісіңді көрейін
Сырымыз да бітпесін
Жырымыз да бітпесін

11. «Алақан» тренингі. Оқушылар өзінің достарына тілек жазып, мейірімді жүрекке іледі.
12. Кері байланыс. Смайликтер арқылы сабаққа деген көңіл-күйлерін білдіреді.

Достық қымбат өмірде тәрбие сағаты. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама