- 15 мам. 2017 00:00
- 347
Душанбеде «Қазақстанның білім күні» көрмесі ашылды
Бүгін Душанбеде «Қазақстанның білім күні» көрмесі ашылды. Бұл жайында еліміздің Тәжікстандағы Елшілігінің баспасөз қызметінен мәлім етті.
Шараның салтанатты ашылу рәсімінде Қазақстан Елшісі Н.Сейтімов, Тәжікстан Білім және ғылым министрінің бірінші орынбасары Р.Мирбобоев, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ның вице-президенті З.Төребекова, Ресей-тәжік университетінің ректоры Н.Салихов және «ҚДСЖМ» қазақстандық медициналық университетінің ректоры Г.Тоқмұрзиева сөз сөйледі.
Елші Сейтімов өз сөзінде бұл жолғы қазақстандық білім көрмесінің соңғы жылдар ішіндегі Тәжікстандағы ең ауқымды шара болып отырғандығын және оның екі ел арасындағы білім беру саласы ынтымақтастығының кеңейтуге бағытталғандығын баса айтты.
Көрмеге Қазақстанның «Назарбаев» Университеті, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясы сынды 20-дан астам жетекші жоғары оқу орындары тәжік жастарына өз мүмкіншіліктерін ұсынды.
Айта кетерлігі, бұл шара Қазақстанның білім беру саласынығ басымдықтары мен еліміздің жоғары оқу орындарының мүмкіншіліктерін тәжік жастарына таныстыру мақсатында өткізіліп отыр. Көрме Қазақстанның жоғары оқу орындарында екінші жоғары білім алу мүмкіншілігімен қатар, екі елдің бакалавриат, магистратура, аспирантура білім бағдарламаларын салыстыруға жағдай жасайды.
Елшілік мәліметіне сәйкес, Қазақстанның Тәжікстандағы Елшілігінің қолдауымен «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ, Тәжікстан Білім және ғылым министрлігі ұйымдастырған шара екі күнге созылады.