Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Дидактикалық ойындардың педагогикалық құндылығы

Алматы қаласы
№1 Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық–педагогтік колледжі
Хасенов Абзал Кенжетайұлы
Ғылыми жетекші: Ташиева Эльвира Айтжанқызы

Балалардың өмірі мен іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыру — оларды тәрбиелеу деген сөз. Тәрбиенің тиімді процесі ойын және ойынның өзара қарым-қатынастары формаларында жүзеге асырылатын себебі сол, бала мұнда өмір сүруді үйренбейді, өз өмірімен тіршілік етеді»

А.П.Усова

Бүгінгі таңда қоғамымыздың даму бағытында жан жақты дамыған сауатты, саналы азамат тәрбиелеу мәселесі жүктеліп отыр. Кез-келген бала да адамның мәдениеті де ойын арқылы дамиды. Ал бүгінде оқу процесінде ойын алдыңғы орында, яғни ойын технологиясы арқылы баланың оқуға ынтасын, қызығушылығын арттыру жеңіл болмақ. Ойын арқылы оқушыны білім алуға, оқуға қызықтыра отырып, тұлғалы дамуын қалыптастыруға болады. Мазмұны бойынша барлық дидактикалық ойындар оқушылардың ақыл ой белсенділігін маңызды құралы бола отырып, олардың бағдарлама материалының негізгі тақырыптары бойынша алған білімдерін тереңдете түсуді, әрі пысықтауды көздейді. Бұл ойындар балалардың сабақ үстіндегі жұмысын түрлендіре түседі, олардың пәнге қызығушылығын оятып, ынта ықылас қоюына баулиды және оқушылардың зейінін, ойлау, зерді үрділерін дамытады. Міне, сондықтан да ойын оқу әрекетінде жетекші рөл атқарады. Дидактикалық ойындар оның аты айтып тұрғандай, баланың ақыл ойын дамытып, таным түсініктерді ажыратудағы әдістердің бірі. Дидактикалық ойындар дегеніміз оқыту мақсатын жүзеге асыруға арналған ойындар. Дидактикалық ойындар оқушының байқампаздық, елестету, есте сақтау, сөйлеу, ойлау қабілеттерін, сенсорлық бағдарын дамытады. Ойын барысында балалар да жаңа білім мен әдістерді үйрену керек екенін түсінеді. А.Құнанбаев айтқан: «Балалар өздігінен кішкентай кезінен оқуға ұмтылмайды. Балаларды білімге деген құштарлығы артқанша оларды күштеп тарту арқылы үйрету керек деп» Ойын барысына қызыққан бала, ол өзі де үйреніп жатқанын байқамай да қалады,бірақ та бала іс-қимылдарды қайта құрылымдаған кезінде қиналады. (автодидактизм құбылысы) Ойын барысында бала өзінің қолынан келетінін жасауға ұмтылады. Дидактикалық ойын - бұл оқу құралдарымен немесе оқу іс-әрекеті барысында қолданылатын әдіс емес. Дидактикалық ойын көп жоспарлы, қиын педагогикалық құбылыстар, ол балаларды ойын әдісі арқылы үйрету болып табылады, білім беру нысаны және өзіндік ойын ойнау,балаларды жан-жақты дамыту болып табылады. Дидактикалық ойын, ойын әдісі ретінде екі жақты қарастырады. Ойын-оқу іс-әрекеттері. Бұл ойында басты рөлді педагог басқарады, педагог әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолданып , ойын жағдайын туғызады, жарыс элементтерін қолданады. Педагог ойын барысында тек қана ойнатып қоймайды балаларға белгілі бір білімді береді, ойнау дағдыларын қалыптастырады. Дидактикалық ойындар математикада, тіл дамыту да, қоршаған ортамен таныстыруда, сенсорлық мәдениетін дамытуда қолданылады. Педагог бұл жерде оқытушы да , ойында ойнаушы ретінде болады. Ол ойнауды үйретеді ,ал балалар ойнай жүріп үйренеді. Егер де оқу барысында қоршаған орта туралы білімдерін дамытуда тереңдетілсе, дидактикалық ойында балаларға тапсырмалар жұмбақ ретінде,ұсыныстар, сұрақтар ретінде қолдануға болады. Дидактикалық ойын жеке ойын қызметі осы ойын әрекетін сезіну ретінде қарастырылады. Ойынның бала тәрбиесіне маңыздылығын бұрынғы және қазіргі педагогикалық әрекеттерде қарастырады. Педагогикалық ғылыми жүзінде ойынның екі жақты маңыздылығын көрсетті: жан-жақты даму үшін және шағын дидактикалық тәртіп бойынша.

Ян Амос Коменский чех педагогы (1592-1670) ол ойынның бала өміріне ең керекті жағдай деп есептеді,ойын арқылы ақыл-ойы дамиды,ойын барысында балалармен араласады қоршаған орта туралы түсініктері қалыптасады деген.

Фридрих Фребель: «Ойын барысында баланы дене қимылы, тілі, ойы, ойлауы қалыптасады» - деген.

Константин Дмитриевич Ушинский орыстың педагог демократы, Ресейде ғылыми педагогиканың негізін қалаушы - ол ойын туралы балалардың ойынының мазмұны қоршаған ортаға байланысты деген. Егер де бала ойын барысында кейбір балалар нұсқау беруді, кейбірі соған бағынуға дағдыланса, ол сол істен болашақта қайтуы қиын деп есептеген.

Ы.Алтынсарин бірлесе ойнауға көп көңіл бөлген, сол арқылы балалардың қоғамдық байланысы қалыптасады деп өз ойын айтқан. Қазіргі кезде ойынның маңыздылығына сонымен қатар дидактикалық ойындарды зерттеуде  Михайленко Н.Я. и Коротковой Н.А. және т.б педагогтар айналысады. Дидактикалық ойындардың балалардың ойлау қабілетіне тигізер әсері:

Ақыл-ой дамуы: Дидактикалық ойын мазмұны балалардың қоршаған орта туралы, табиғат ерекшелігі, әр түрлі мамандық иелері туралы, өз отаны туралы білімдерін қалыптастырады. Дидактикалық ойын арқылы педагог балаларды өз беттерінше ойлана білуге, алған білімдерін әр түрлі жағдайда қолдана білуге үйретеді. Көптеген дидактикалық ойындар балалардың алдында ойлау қабілеттерін дамыту жөнінде мақсат қояды. Қоршаған ортадан ұқсас құбылыстарды тап, салыстыруға, топтастыруға, затттарды өзіндік қасиеттерімен топтастыруға, дұрыс шешім қабылдауға үйретеді. Дидактикалық ойын балалрдың тілін дамытады, сөздік қорлары, дұрыс сөйлей білу, дыбыстарды дұрыс айту, өз ойларын жеткізу іс-әрекеттері қалыптасады. Дидактикалық ойыннның міндеттерінде көбінесе балаларды заттар немесе қоршаған орта туралы сөйлем құрай білуге,ойын барысында балалардың сұраққа дұрыс жауап беруі бір-бірімен пікір алмасуы арқылы сөздік қорлары дамиды.

Адамгершілік дамуы: Мектепке дейінгі балаларда қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау, ойыншықтарға ұқыпты қарауға, өзін-өзі ұстау дағдылары, құрдастарымен және үлкендермен араласу дағдылары қалыптасады. Үлкенірек топтағы балалармен дидактикалық ойындарды қолдануда басқаша міндеттерді шешу қарастырады, үлкендердің еңбегін бағалауға, отанына сүйіспеншілік сезімдерін дамыту.

Еңбек тәрбиесі: Дидактикалық ойындар балалардың еңбек адамдарына құрметпен қарауға, үлкендер еңбегіне деген қызығушылықтарын тудыруға, және өздерінің де еңбектенуге деген қызығушылық сезімдерін тудыруға әрекет жасау. Бұндай дидактикалық ойындар балалардың еңбекке деген қызығушылықтарын, және үлкендер еңбегін құрметтеуге тәрбиелейді.

Эстетикалық тәрбие: Ашық та, қызықты дидактикалық ойындар балалардың қызығушылығын тудырады,эстетикалық талғампаздықтарын дамытады.

Дене тәрбиесі: Ойын балалардың жақсы көңіл-күйлерін тудырады, сонымен қатар нерв жүйесінің оянуына көмектеседі. Ойын барысында балалардың дене қимылы сонымен қатар қол маторикасы дамиды, сонымен қатар ақыл-ойының дамуына тигізер әсері мол. Дидактикалық ойындар арқылы балалардың жеке қасиеттері қалыптасады.

Дамытушы дидактикалық ойындар:

— балаларға ұсынылатын,дайын ойын жоспары.

— ойын материалы және тәртібі(қарым-қатынас және заттармен әрекет)

Бұның бәрі ойын мақсаты болады яғни ойын не мақсатпен жасалды және неге бағытталды.

Демек ойын балалардың алған білімдері түсініктерін баянды етіп қана қоймайды, сонымен бірге өзінше бір белсенді танымдық іс-әрекет формасы болып табылады. Сондықтан оқу-тәрбие процесіне ойынды дұрыс кірістіріп, оның барлық тиімді мүмкіндіктерін пайдаланудың маңызы зор.

Түптеп келгенде, тәрбие құралдарының басқа түрлері сияқты ойынның да білімділік, тәрбиелік мүмкіндіктерін балалардың жас ерекшеліктеріне, сабақ мазмұнына жақсы үйлестіре қолдану мұғалім ізденісіне, шеберлігіне байланысты. Ол үшін мұғалім ойынды пайдалану методикасын да, ойын түрлерін таңдап-талғауға да қойылатын талаптарды жете білуге тиіс.

Тақырып бойынша қолданылатың әдебиеттер:

1. «Дошкольная педагогика» В.И.Логинова, П.Г.Саморукова М., П., 1983 стр. 4-19

2. В.И.Ядэшко «Дошкольная педагогика» М., П., 1978

3. Воспитание детей в игре  под ред А.К.Бондаренко и А.И.Матусик. М..1988

4. Эдварда де Боно. Технология «Шесть шляп мышления»


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама