- 16 қар. 2015 00:00
- 267
Екі ақтан кім туады
Бірде сөз қағыстырып отырып Балдай қыз Абылға сұрақ қояды:
Екі қарадан сұр туады,
Екі сарыдан сұм туады,
Бір ақ, бір қарадан нұр туады,
Екі ақтан кім туады?
Сонда Абыл ойланбастан:
Екі ақтан шамдай туады,
Суырылған таңдай туады.
Көзді ұялтып, жанды мүжіп,
Ай жүзді Балдай туады, - дегенде, Балдай сұлу үнсіз күле беріпті. Шынында да, Балдайдың әке-шешесі аққұба, ажарлы адамдар екен.