Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 сағат бұрын)
«Екі рет үйленбек болдым...»: Медеу Арынбаев өмірінің тың деректерін жариялады

Әнші Медеу Арынбаев өзінің жеке өмірі, әсіресе, отбасы құру мәселесі туралы ашық әңгімеледі. Көпшілік тарапынан «қашан үйленесіз?» деген сауалға жиі тап болатынын айтқан өнер иесі, бұл тақырыптағы қызық жайттарды бөлісті.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

«Кейде әуежайда, кафеде, тіпті көшеде кездесіп қалған апаларымыз «қашан үйленесің, қашанғы жалғыз жүресің?» деп сұрайды. Сондай кезде кейде «апау, мен үйлендім ғой. Естімедіңіз бе? Екі рет үйленіп, екінші рет ажырасып кеттім ғой» деп әзілдеймін. Олар «солай ма? Білмеп едім» деп жатады», – дейді әнші.

Отбасы құру туралы ойы

Медеу Арынбаев үйлену мәселесіне қатысты ойын ашық жеткізді. Оның айтуынша, бұл тақырыпта бір емес, екі рет отау құруға талпыныс болған, алайда ол жоспар жүзеге аспаған.

«Расын айтқанда, бір емес, екі рет үйленбек болдым. Бірақ ол жоспарлар жүзеге аспады», – деп толықтырды әнші.

Әншінің бұл сөздерінен кейін әлеуметтік желі қолданушылары оған қолдау білдіріп, ақ тілектерін жаудырып жатыр.

Жаңалықтар

Жарнама