Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Екпіннен өткенді қайталау
Тақырыбы: Екпіннен өткенді қайталау
5 - сынып
Сабақтың мақсаты: Сын тұрғысынан ойлау стратегияларын қолдана отырып, екпінді сөйлеу тілінде дұрыс пайдалану, тілдік нормада түсіну және құрылымдық ерекшеліктерін, байланыстарын ажырату.

Сабақтың міндеті:
1. Мазмұнға байланысты міндет. Екпін туралы алған білімдерін жинақтап, сөздерге дұрыс қоя алады. Екпін түрлерінің бір - бірінен өзіндік ерекшеліктері мен артықшылықтарын ажырата біледі. Алған білімдерін практикалық тұрғыда қолданады.
2. Сын тұрғысынан ойлауды дамытуға байланысты міндет:
Ұсынылған теориялық мағлұматтарды зерттеп, оларды жан - жақты талдай біледі, ойды жүйелеп айту дағдысы қалыптасады, логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру және ауызекі сөйлеу дағдысын қалыптастыру мақсатында бірнеше шығармашылық жұмыстар жасай алады.
3. Топтық жұмыс процесіне байланысты міндет: Бірін - бірі оқытуда;
Ұжымда жұмыс жасай алады, бірін - бірі тыңдайды, өз көзқарастарын білдіреді, басқалардың пікіріне түсіністікпен қарайды, біріне - бірі көмектеседі. Достық қарым - қатынас, ұлттық салт - дәстүрге сүйіспеншілікпен қарау, ақын - жазушыларды сүю, құрметтеу.

Сабақтың түрі: Өткен сабақты қайталау.
Сабақтың әдісі: СТО стратегиялары, ақпараттық технологиялар, проблемалық – ізденіс әдісі, ойын элементтері.
Жұмыс түрлері: Жеке жұмыс, жұптық жұмыс, топтық жұмыс.
Көрнекілігі: Интерактивтік тақта, компьютер, тестерлер, кестелер, А. Құнанбаевтің портреті, оқулық.
Пәнаралық байланыс: Әдебиет ( А. Құнанбаев өмірі мен шығармашылығы) Бейнелеу өнері (портрет)

Сабақтың барысы
1. Қызығушылықты ояту: /2 - 3/ минут
a) Сәлемдесу
ә) Сыныппен танысу
б) Келген қонақтар туралы айтып өту
Балалар, біз бүгін сендермен «екпіннен өткенді қайталау»деген тақырыпта тіл ұстарту сабағымызды бастаймыз. 1. «Көңілашар»ойыны
Жасыл жайлау түкті кілем, көк кілем,
Көк кілемде көп ойнаймын көп күлем
Айдарымнан сипап өткен самалды,
Қазағымның алақаны деп білем.
Қайда жүрсең атамекен,
Көкейіңде жатады екен.
Күннің көзі қимай оны,
Ұясына батады екен.
Осылайша сыныпты үш топқа бөліп аламын.

2. Сыныппен жұмыс: Психологиялық дайындық: «Өрмек» ойыны арқылы жүзеге асырылады. Онда оқушылар бір - біріне жіпті ұсына отырып, сабаққа, бүгінгі күнге жақсы тілек, сәттілік тілейді.

3. Проблемалық жағдай. Тақтадан екпін дұрыс қойылмаған сөздерді көрсетемін. (Оқушы екпіннің дұрыс қойылмағанын өзі анықтауы керек.)
Тәлім - тәрбие, ата - ана, естіп алды, тыңда, көрсет, көп сөйледі. Дұрысын айтады.
- Ендеше балалар екпін бізге не үшін қажет?
- Дұрыс сөйлеу үшін
- Жақсы, ал екпін туралы не білеміз?

4. Екпін ассоциация құрау

II. Мағынаны тану
I. «Білімділер» сайысы
1. Тақтадан А. Құнанбаевтың суреті көрсетіліп кім екені сұралады
2. ББҮ стратегиясы арқылы үш жақты күнделік толтырады.
Білемін Білгім келеді Үйрендім

Әуелі өз білгендерін, білгісі келетіндерін толтырады, жаттығуды орындағаннан кейін үйренгендерін жазады.
3. Енді, балалар біз А. Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы білгенімізді ортаға салдық, қазір кітабымыздың 153 - бетіндегі 348 - жаттығуға назар аударайық.
(Оқушылар жеке - жеке орындарында оқиды, сосын жұптасып талдап, содан соң топқа жиналып «үйрендім» жолын толтырады)

4. Тақтамен жұмыс. Ә - леу - мет - тік, қи - ял, жү - йе - лі, мей - ір - ім - ді сөздерін тақтаға шығып, буынға бөліп жазу керек.

Сергіту сәті:
Қазақтың бас ақыны
Жазушы
Жазба әдебиетінің негізін қалаушы
Адам
Әділет

(слайд арқылы көрсетіп, бір слайд сайын сөздерін алып тастап отырамын)

III. Ой - толғаныс
1. Мен Абай атаммен кездессем... (эссе жазады)
..................................................................................
(Оқушының әр жұмысы жұлдызша, төртбұрыш, үшбұрышты жетондар арқылы бағаланады)
Мына жұмбақтың шешуіндегі өзгешелікті түсіндір.
К - дан бастап оқысақ,
Құс атауы қарашы.
Е - ден бастап оқысақ,
Жалқау бала бағасы./кекілік, екілік/екпін қай буынға түсіп тұр?
2. Екінші буыным қайда?

( Әр топ жетондар арқылы бағаланды )
3. Тақырыпқа байланысты тест жұмысын алу компьютерде тест жауабы және қай оқушының дұрыс жауап бергені шығып тұрады 100% - 90% жауап «5», 80% - 70% жауап «4», 60% - 50% жауап «3», 40% - дан төмені «2» деген бағалар алады.
1 Фонетиканың зерттейтін саласы?
А) тіл дыбыстары
Б) сөздер
В) сөз тіркестерін
2 Тіл қатынасына қарай дауысты дыбыстар қалай бөлінеді?
А) еріндік, езулік
Б) жуан, жіңішке
В) ашық, қысаң
3 Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?
А) 3
В) 4
Б) 2
4 Екпін деген не?
А) фонетикалық құбылыс
Б) сөздердің жазылуы
В) дыбыстардың жазылуы
5 Сөз екпіні деген не?
А) бір дыбыстың ерекше айтылуы
Б) бір ойдың ерекше айтылуы
В) бір буынның көтеріңкі айтылуы
6 Тіркес екпінінің басқа екпіндерден ерекшелігін көрсет?
А) бір ойды басқа оймен салыстырады
Б) бірнеше сөз тізбектеліп келіп бір екпінге ие болады
В) сезім бір сөз арқылы жетеді
7 Дыбыс екпіні қалай жасалады?
А) дыбыс арқылы
Б) сөз арқылы
В) сөз тіркестері арқылы
8 Сөйлемнен ой екпіні түсіп тұрған тіркесті тап. Апасы бүгін қалаға кетті
А) бүгін кетті
Б) апасы бүгін
В) қалаға кетті
9 Сөйлемде екпін қай буынға түседі?
А) бірінші буынға
Б) екінші буынға
В) соңғы буынға
10 Ура, алақай, жаса сөздері екпіннің қай түріне жатады?
А) тіркес екпіні
Б) дыбыс екпіні
В) ой екпіні
(Жұмыс қорытындысын компьютер өзі шығарып, бағалайды)

IV. Оқушыларды бағалау: (Оқушылар бүгін сіздер сабаққа өте жақсы қатыстыңыздар, енді өздеріңіздің бағалау парақтарыңызға бағаларыңызды қойыңыздар)
V. Үйге тапсырма: Деңгей бойынша тапсырмалар беру
1 - деңгей
Абайдың «Жазғытұры» өлеңін мәнерлеп оқу
2 - деңгей
«Жазғытұры» өлеңінен ой екпінін тауып белгілеу
3 - деңгей
«Мен екпінмін» эссе жазу

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама