Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Елдік те, ерлік те ұрпаққа аманат
«Елдік те, ерлік те ұрпаққа аманат»

Жүргізуші.
Жер бетіне нұр шашып Жеңіс күні,
Жақсы үміттің шырағы жанды міні.
Аспан бетін қаптаған қара тұман,
Серпіліп зұлымдықтың сөнді түні.

Бүгін жайнап жасарсын дала біткен,
Асыр салып қуансын бала біткен.
Жүректері жарылсын қуаныштан,
Аялансын көңілі жақсы үмітпен.

Армысыздар, бүгінгі мерекеге жиналған қауым!
Бейбіт өмірдің төл басы - Жеңіс көктемі,
Үміт көктемі, елдің ерен көктемі.
Ерлік көктемі құтты болсын!

Ұлы Жеңістің қуанышы мен салтанатынан кешегі қайғысы мен азасы анағұрлым ауыр. Сондықтанда күші аса басым жауды жеңіп шыққан ұрпақ өкілдерінің еңбегі тарихтан өзінің лайықты орнын алады.
Тәуелсіз Қазақстан халқының тарихын әр уақытта қастерлеп есте сақтауға тиіспіз.
Соғыс жылдарындағы Қазақстандықтардың ерлік салты бүгінгі Қазақстанның қарулы күштері қатарында қызмет етіп жүрген жас ұландардың азаматтық ары мен асыл арманында мәңгілік жаңғырып тұратын болады.
Осынау сұрапыл шайқаста елім, жерім - деп қасық қаны қалғанша шайқасып қаза болған азаматтарды бір минут еске алайық /еске алу/

Бұл сөзде шаттығым бар бүгін менің,
Жеңдім мен, майданда да бүгілмедім.
Жалғасы секілді екен сол майданның,
Есімде еңбек етіп жүгіргенім.

Бүгінгі мереке Ұлы Жеңіс мерекесі.
Ұлы Жеңістің 68 - жылдығы мерекесімен құттықтау үшін сөз ауыл әкімі Ернияз Жанарыс пен мектеп директоры Ермек Сатовке беріледі.

Жас буын желкілдеген жас құрақтар,
Жеңіске ой жүгіртсек күнінде мың.
Білер - ау сонда ғана Жеңіс туы,
Қаншама құрбандықпен тігілгенін.
Бүгінгі Ұлы Жеңіс мерекесіне арналған Ұландар ұйымының құттықтауын қабыл алыңыздар.

Би.
«Прощание славянки»
Соғыс уақытындағы балалар өмірі ел басына күн туған қиын кезде өтсе, Ұлы Жеңісті дүниеге ала келгендер ең бақытты жандар.
Бүгінгі мереке салтанатына соғыс уақытындағы балалар мен Ұлы Жеңістің құрдастары қатысуда.
Меркелік құттықтау сөз ардагерлер кеңесінің төрағасы Ертас Сарсеновке беріледі.
«Ер есімі ел есінде тұрар мәңгі» атты Жеңіс күніне арналған арнау өлеңі оқитын Қ. Мұхашов

Жауды жеңіп салтанатты құрғандар,
Отан үшін оттай жанып тұрғандар.
Бәрінен де бақытты ғой жарандар,
Жеңіс күні, жеңіс жылы туғандар.

Ән. Мама
Орындайтын облыстық «Бозторғай» балалар шығармашылығы байқауынан бас жүлде алып республикалық байқауға жолдама алған Темірхан Аяжан.

Құрметті ағайын.
Өздеріңізге мәлім Кеңес Үкіметі кезеңінде сол тұстағы саясаттың пәрменімен еліміздің азаматтары ауған соғысына қатысып, өздерінің жауынгерлік борышын адалдықпен атқарды. Солардың бірі Ауғанстанның Чынчанд деген жерінде әскери қызметін атқарған Әділхан Сариев. Келесі сөзді Әділхан Сариевке береміз.

Ән. «Жас қазақ»

Бұл Жеңіс бізге оңайлық пен келген жоқ. Соғыс салған ауыр зардаптармен қайғы мұңды ұмытуға болмайды. Балалық шағын сол ауыр жылдарда өткізіп, Жеңіспен бірге дүние есігін ашқандар сіздерді Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтаймыз.

Соғыс бұлты тұр менің жүрегімде,
Бейбітшілік, тыныштық тілегім де.
Отан үшін от кешкен бабаларым,
Ұмытпаймыз сендерді бұл өмірде.

«День победы» әніне қойылған би, орындайтындар бишілер тобы.

Құрметті ағайын!
Шуақты күндеріміз көп болсын. Мереке мерекеге ұлассын. Бәріңізге бүгінгі Жеңіс мерекесі құтты болсын дей келіп, мерекелік іс - шарамызды аяқтаймыз.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама