- 22 нау. 2023 00:00
- 244
Электрлік көліктер экологияны құтқара алады ма?
Бүгінгі таңда бәрімізге электрокарлар таныс, және де олар кәзірдің өзінде біз үшін жаңалық емес. Күн сайын далада келе жатып, кәдімгі көліктер арасында біз электрлік қозғалтқышпен жабдықталған көліктерді көре аламыз. Осындай көліктер өте тыныш, тез және әдемі болғанымен, әрине олардың ең жақсы жағы - олар ауаны зақымдатпайды. Алайда олар шынымен де экологияны құтқаруға қабілетті ме?
Алдымен біз электрлік көліктердін жақсы жақтарына тоқталайық. Біріншіден менің ойымша, олардың ең жақсы жағы ол - дыбыс. Дәлрек айтқанда, олар мүлдем дыбыс шығармайды, сондықтан көліктін ішінде сіз өзінізді жақсы сезіне аласыз, шу сіздің басыңызды ауыртпайды. Екінші - ішкі интерьер. Осындай көліктердін ішкі интерьері қолайлы гаджеттерге тола. Және де үшіншісі - қуаттылығы. Менің ойымша оған ең жақсы мысал ол - Porsche Taycan көлігі бола алады. Осы көліктін қозғалтқышының қуаттылығы 761 А.К., ал 100км/с - дейін осы көлік 2,8 секундта жетеді. Сонымен бізде тез, әдемі, тыныш, экологияға зияны жоқ көлік бар. Бірақ, қалай да біртүрлі болып естілмесе де, осындай көліктердін басты минусы ол.... экологияға зияны.
Балалық шақтан бастап, бізге өмірдін ащы шындығын пайымдаған адамдар "өмірде міңсіз ештене жоқ"-деп айтқан болатын. Осы сөзге бұл көліктер тағы да бір мысал. Бірінші мәселе ол бағасы. Жаңа эконом класстағы электрокарлар үшін бағалар 25 миллионнан жоғары болады, кез келген адам оны сатып ала алмайды. Екінші ол қуаттау пункттарының аз болуы. Әрине Германия, Япония сияқты елдерде бұл мәселе емес, алайда біздін елде осы жағдай әлі де өз шешуін таппады.
Бірақ менің ойымша басты мәселе, ол әрине экологияның закымдалуы. Key world energy statistics (2022) - мәліметі бойынша, өткен онжылдықта электроэнергияның басты көздері ол: табиғи газ және көмір секілді пайдалы қазбалар. Көмірден адамзаттың энергиясының 70 пайызы пайда болады. Демек экологияның зақымдалуы жалғасуда. Жасыл энергия көздері бүгінгі таңда тым үнемі емес. Күн немесе жел біресе бар біресе жоқ болуы мүмкін. Сондақтан бізге көмірді қолдануға тура келеді.
Сонымен егер бүкіл адамзат электрлік көліктрге отырса, ол экологияны құтқармайды. Әрине, көліктер жүрген қалаларда ауа жақсарады, бірақ қала сыртындағы ауа кепілі одан бетер жамандайды. Cонымен қоса, электрге сұрау көбейеді, ол да бізге қазір өте қолайлы емес. Бензинді қозғалтқыштарды өкінішке орай басқа тәсілмен ауыстыру қажет