Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Елордалық оқушылар ҚХР-да өткен олимпиадада 4 алтын медаль жеңіп алды

Бүгін математикадан XVII Батыс-Қытай олимпиадасының жабылу салтанаты өтті. Аталмыш олимпиада 11-16 тамыз аралығында ҚХР, Сычуань елді мекеніне қарасты Наньчун қаласында өтті, деп хабарлайды Астана әкімдігінің баспасөз қызметі.

Олимпиадаға Қытай, Индонезия, Филиппин, Сингапур және Қазақстан елдерінен 345 жас математик қатысты. Қазақстанның құрама командасы атынан дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептің 4 оқушысы қатысты.

Олимпиада қорытындысы бойынша, Астана құрама командасының қоржынында 4 алтын медаль бар. Алтын медальға ие болғандардың бірі - Астана қаласы «Бiлім-инновация» лицей-интернатының 10 сынып оқушысы Құдайберген Әлихан жарыс барысында бәрінен озып, жоғары нәтиже көрсетті.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама