Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Еңбек етсең ерінбей...

Сізге Марк Спицтің басынан кешкен қызықты оқиғасын баяндап беруді жөн санап отырмын. Бұл оқиға 1972 жылы Мюнхенде орын алды. Әлемдік Олимпиададан жүзуден дәл осы сәтте Марк чемпион атанды. Сонымен қатар, бұл жарыс жыл сайын өткізіліп отырды. Ал ең қызығы, осы жарысқа жыл сайын қатысқан Марк 7 рет чемпион атанды. Және 7 рет рекорд орнатты. Ал бұл рекорд пен медальдің артында не жасырынып тұрғаны бәріне бірдей аян емес.

Марк өте ұзақ уақыт жүзу алаңында, күн-түндемей, жылдар бойы жаттығу жасап дайындалумен болды. Және оның жеңісі сіз ойлағандай сәттілік емес. Оның жүрегі спорт деп соқты, ал ол өз мақсатына жететін жолға адал еңбегімен келді. Өзінің жеңісінен кейін берген сұхбатында Марк:"Барлығы жеңіске жеткенді қалайды, ал еңбек еткісі келмейді" - деп ащы шындықты басып айтты. Барлық адам өз болашағы үшін нақты мақсат қоя білуі керек.

Мысал келтіріп көрейік. Ешкім өз айлығының соммасын білмесе, жұмысқа деген құлшынысы артпаушы еді. Апта соңында қомақты қаржы алып, сүйікті ісіңе жұмсайтыныңды білмесең, күн сайын ерте оянып, жұмысқа баруыдың керегі не? Білгенің абзал, сенің төккен теріңнің артында соған тұрарлық жеміс тұр.

"Алма піс, аузыма түстің" кебін киіп, 21 ғасырда өмір сүру мүмкін емес. Себебі, бұл ғасыр біздің сана-сезіміміздің айқындығын және ойлау қабілетінің жоғары болуын талап етеді. Сондықтан жалқаулықты ысырып тастап, қазірден бастап алдыңа мақсат қой. Бір орында қалмай, жан-жақты дамып отыр, әр түрлі қабілеттеріңді аш. Сонда ғана тояды қарның тіленбей.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама