Ертөстік бізде қонақта
Тақырыбы: Ер Төстік бізде қонақта. (математикадан қорытынды сабақ)
Сабақтың мақсаты: балалардың сан және санау, геометриялық пішіндер, көлем, кеңістікті бағдарлау, уақытты бағдарлау бөлімі бойынша жыл бойына өткен білімдерін бекіту, логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру, ертегі арқылы математика сабағына деген қызығушылықтарын арттыру, шапшаңдыққа, тапқырлыққа үйрету.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, түсіндіру, әңгімелеу
Сабақтың көрнекілігі: сандар, әр түрлі фигуралар, мультимедиялық тақта, суреттер.
Сабақтың жүру барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Жылулық шеңбері.
Тәрбиеші: балалар сабағымызды бастамас бұрын осы баулар арқылы жүрегіміздің жылуын жеткізейік.
Сабақ барысы:
Жылулық шеңбері.
«Күн шуағы» Балалар күн жылуына алақандарын созып, алған жылуды бір - біріне бере отырып барлығы қосылып тілек айтады.
Армысың жарқын күн!
Армысың көк аспан!
Армысың жер ана!
Армысың жан досым!
Армысыз қонақтар!
Қызықтыру сәті: Әуенмен Ер Төстік келеді. Мұңайып, көңілі жабырқап тұрады.
Ер Төстік: Сәлеметсіңдер ме балалар? Балалар амандасады.
Тәрбиеші: Бұл балалар Ер Төстік ертегісіндегі Ер Төстік батыр емес пе, ол мұнда не мақсатпен келді екен сұрайық?
Ер Төстік: Балалар мен сендерден көмек сұрағалы келдім, менің 8 ағам бар, ал мен 9-шы, яғни ең кенжесімін. Осы ағаларымды Тау шатқалында мекен ететін Тасбол деген жауыз сиқыршы сиқырлап қойыпты, енді не істерімді білмей тұрмын, қайтсем ағаларымды құтқарамын балалар?
Осы кезде экраннан таудың суреті көрінеді де, дыбыс шығады.
Тасбол: - Мен сиқыршы Тасболмын. Ер Төстік мен сенің ағаларыңды тасқа айналдырып жібердім. Енді сен жалғыз қалдың. Мен сені көріп тұрмын. Сен балалардан көмек сұрап жүр екенсің ғой? Тапсырмаңды одан сайын қиындатайын. Ха - ха - ха
Тәрбиеші: Балалар енді не істедік, Ер Төстіктің ағаларын Тасболдың сиқырынан құтқарамыз ба?
Ендеше балалар Тасбол Ер Төстікке қандай тапсырма беріп жіберді екен сұрайық.
1 - тапсырма: Гүлдерге көмектес, яғни әр түрлі гүлдің суретінде берілген есепті қателеспей шешуін табуымыз керек қане балалар іске кірісейік.
Ер Төстік: балалар рахмет сендерге енді екінші тапсырмада «Қандай геометриялық пішіндерден құралған?» деп аталады, яғни мұнда бағдаршам суреті бейнеленген, осы бағдаршам бейнесі қандай геометриялық пішіндерден құралғандығын атауымыз керек.
2 - тапсырма: «Қандай геометриялық пішіндерден құралған?»
Тәрбиеші: балалар 3 - тапсырмада былай делініпті: Ер Төстікті және оның ағаларын өсу және кему ретімен орналастыр. Мына сиқырлы сандықтың ішінде Ер Төстіктің суретімен қатар ағаларының суреті берілген екен, қане ендеше осы суреттерді өсу және кему ретімен орналастырайық.
3 - тапсырма: «Берілген геометриялық пішіндер арқылы Ер Төстік ағасының суретін құрастыру»
4 - тапсырма: «Өсу ретімен орналастыр»
Баларға берілген үй тапсырмасын тексеру.
Сергіту сәті. (Көңілді жаттығу)
5 - тапсырма: Салыстыру
Тәрбиеші: балалар келесі тапсырма кеңістікті бағдарлау бөлімі бойынша келіпті, яғни «Тасболдың мекеніне апарар жол картасын бейнеле» деп аталады.
6 - тапсырма: «Жол картасын бейнеле»
Ағаш, тау, күн, бұлт, тас, көл, гүлдер т. б. суреттерді үстел үстіндегі жасыл матаға өздерінің орналасу реті бойынша балалар жапсырады.
Тәрбиеші: Бұл тапсырма уақытты бағдарлау бөлімі бойынша келген екен. Менің салған, яғни Тасболдың салған суретінің қатесін тап деп аталады. Оған 4 жыл мезгілінің суреті беріледі, осы суреттен қате салынған жыл мезгілін балалар атайды.
7 - тапсырма: «Қатесін тап»
8 - тапсырма: «Кім жылдам»
9 - тапсырма: 1 - ден 5 - ке дейінгі сандарды үш тілде оқушылар айту қажет.
Тасбол: Балалар сендер менің сұрағыма мүдірмей дұрыс жауап бердіңдер Ер Төстікке де көмектесіп өз білімдеріңді көрсеттіңдер,
енді Ер Төстік ағаларыңды босаттым, қарсы ал.
Ер Төстік: балалар сендерге көп - көп рахмет, сендер болмасаңдар не істер едім, міне бауырларымды Тасболдың сиқырынан босап шықты, сендерге көп - көп рахмет.
Қорытынды: Балалардан бүгінгі сабақтан үйренгендерін сұрау.