- 13 қаң. 2020 00:00
- 172
Есек үйде емес
Қожадан бір кісі есегін сұрап келеді. Қожекең «есегім үйде емес» деп жауап береді. Сол уақытта есек қорадан ақырып жібереді. Есек сұрап келген кісі Қожаның алдағанына ренжіп:
— Қожеке, аппақ сақалыңызбен өтірік айту сізге лайық емес қой, — дейді.
Сонда Қожа есегінің мезгілсіз ақырғанына ашуланып, әрі әлгі адамға былай дейді:
— Е, ақымақ, аппақ сақалыммен айтып тұрған менің сөзіме сенбей, ақылсыз есектің сөзіне еліккенің не? Бар, есек үйде емес, үйде болғанмен күйде емес, — деп шығарып жіберіпті.