Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Еврей халқының мақал-мәтелдері

 

Еврей халқының тауып айтқан үздік мақал-мәтелдері мен нақыл сөздерін назарларыңызға ұсынамыз:

 

Егер мәселені ақшамен шешсеңіз ол мәселе емес, ол шығын.

Құдай адамға көп тыңдасын деп екі құлақ, аз сөйлесін деп бір ауыз берді.

Қонақ пен балықтың үш күннен кейін иісі шыға бастайды.

Тәтті болсаңыз сізді жеп қояды, ащы болсаңыз түкіріп тастайды.

Адам тым болмаса әуесқойлық үшін өмір сүру қажет.

Білім көп жеріңізді алмайды.

Махаббат қандай тәтті болса да, одан кампот қайната алмайсың.

Алыстан барлық адам жаман емес.

Ата-аналар балаларын сөйлетіп үйретсе, балалары сөйлемеуге үйретеді.

Егер әйелдер аз сөйлесе, еркектер көп нәрсе тындырар еді.

Жақсы сөйлегеннен үндемей қалу қиын.

Әлем адамның көптігінен емес, жоқтығынан (адам болып қалмауынан) құриды.

Шаруаның жоқтығы ұлы істерге жетелейді.

Адамның жасы келген сайын нашар көре бастайды, алайда кең ауқымда көреді.

Барлық адам ақшаның жоқтығына шағымданады, ал ақылдың аздығы туралы сөз қозғамайды.

Текенің алдыңғы жағынан, аттың артқы жағынан, ақымақтың жан-жағынан қорқу керек.

Баласы жоқ адамдар, балаларды жақсы тәрбиелейді.

Қорыққаннан өлгенше, күлкіден өлген артық.

Шашыңызға ақ түссе даналықтың емес, қартайғаныңыздың белгісі.

Тәжірибе деген — адам өзінің жіберген қателіктерін айтатын сөз.

 

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама