Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Эйнштейннің өзі мектеп бағдарламасын дұрыс білмеген - Шәмшидинова

"Назарбаев зияткерлік мектептері" АҚ басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинованың айтуынша, баланы бәрін білуге үйреткен жақсы. Бірақ ол соны пайдалана алмаса, бүкіл еңбектің зая кеткені.

"Қазіргі кезде біз балаларға фактологиялық әрі дайын ақпаратты береміз. Сөйтіп, олардың өздігімен ой түйіп, қорытынды жасауына мүмкіндік бермейміз. Ал бүгінгі әлемдік білім беру саласының тренді сол, балаларды аз үйретіп, олардың өздігімен үйренуіне көбірек оқыту қажет. Біз болсақ, бәрін шайнап береміз. Сол себепті ақпараттық білім беруден инновациялық білімге ауысқан маңызды. Ашығын  айту керек, бүгінде осы жағынан мектеп мұғалімдері қатты қиналып жүр. Себебі білім берудің әдістемесін толығымен өзгерту керек", - дейді Шәмшидинова.

Оның сөзіне қарағанда, қазіргі кезде көп білген жақсы. Бірақ соның өзі аздық етеді. Себебі бәрін білетін адам соны тәжірибе жүзінде пайдалана білуі керек.

"Қазір сан алуан формулаларды жаттап отырудың қажеті жоқ. Балаларды сол формулаларды табуға үйрету керек. Бір ғана мысал келтірейін, журналистер Эйнштейннің мектеп бағдарламасындағы кейбір формулаларды білмейтінін естіп, оған сұрақ қойыпты. Нобель сыйлығының лауреаты мектеп бағдарламасын білмей, сыйлықты қалай алғанын сұрағанда Эйнштейн: "Менің кабинетімде бір шкаф бар. Оның ішінде менен де артық білетін энциклопедиялар жатыр. Бірақ Нобель сыйлығын шкаф емес, мен алдым", деді ол. Міне, осы мысалдың өзі баланың жадысын ақпаратпен толтыра беруден ешбір пайда жоқ екенін көрсетеді. Баланы ақпартпен жұмыс істеуге, оны талдауға үйрету керек. Ол өзіне қажетті ақпаратты таба білуі керек", - деп атап көрсетті Шәмшидинова.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама