Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Ғалымбаева Айша Ғарифқызы

Ғалымбаева Айша Ғарифқызы (1917-2008) — кескіндемеші, киносуретші, Қазақстанның халық суретшісі. Қазақ әйелдері арасынан шыққан тұңғыш кәсіпқой суретші. Ол Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының Есік ауылында дүниеге келген.

1943 жылы Алматы көркемсурет училищесін, 1949 жылы Мәскеудегі Бүкілодақтық кинематография институтының сән және көркемсурет бөлімін бітірген.

Ғалымбаева шығармашылық қызметін «Махаббат туралы аңыз», «Шабандоз қыз» т.б. фильмдерге эскиз жасаудан бастады. Ол әр алуан жанрларда жемісті еңбек етті. Суретші — «Аяққалқан», «Жайлау соқпағы», «Көне көзі», «Қобыз», «Сары алма», «Қызыл апорт» т.б. пейзаждар мен натюрморттар және «Батыр ана», «Қазақстан әндері», «Ежелгі керамика», «Қостанай. Алтын дән пирамидалары», «Бейбітшілік» триптихы, «Жердің сыйы», «Береке» т.б. шығармалардың авторы. Оның сәндік-монументтік сарындағы композициялары да көптеп кездеседі.

Ғалымбаева отандық портрет жанрының шебері ретінде де белгілі. Оның «Жазушы Ғ.Мұстафиннің портреті», «К.Байсейітованың портреті», «Ұлымның портреті» т.б. еңбектері бар.

Айша Ғарифқызы — «Қазақтың ұлттық киімдері» альбомының авторы. Ол Алматы көркемсурет училищесінде және ҚазҰПУ-да дәріс берді.

Айша Ғалымбаева — түрлі мемлекеттік сыйлықтардың, Еңбек Қызыл Ту және «Құрмет белгісі» ордендері мен медальдардың иегері.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама