Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Генетика негіздері тарауы бойынша
Тараудың қорытындылау тестілері
Оқушыларға тереңірек білім беріп, ойлау қабілетін дамыту мақсатында генетика негіздері тарауы бойынша құрастырылған тест сұрақтары ұсынылып отыр.
1. Дальтоник ер адамның (рецессивті гені Х хромосомасында орналасқан) қандай жағдайда қызы дальтоник болады?
а) әйелі сау және әйелінің ата - анасының да көру қабілеттілігінің жақсы;
ә) әйелі сау, ал әкесі дальтоник;
б) әйелі су, яғни көру қабілеттілігі жақсы;
в) әйелі сау, ал оның отбасында дальтоник болған емес;
г) ата - аналарының дені сау.
2. Диплоидтық организмде немесе аллельдік ген белгілері бар?
а) 8;
ә) 2;
б) 4;
в) 1;
г) 3;
3. Аллельдік гендер қалай орналасады?
а) әр жұп хромосомада;
ә) гомологты хромосомада;
б) жыныс хромосомада;
в) бір аутосомда және жыныс хромосомда;
г) тақ гендер.
4. Жынысты көбею арқылы (жолымен) белгілердің ұрпақтан ұрпаққа берілуінің негізгі заңдылықтарын алғаш рет дәлелдеген ғалым:
а) Г. Мендель;
ә) Н. В Цицн;.
б) Г. Д. Карпеченко;
в) М. В. Мичурин;
г) Г. Морган.
5. Фенотип:
а) жойылып кететін белгі;
ә) көптеген гендердің өзара әрекеттесуінің нәтижесінде белгілердің дамуы;
б) басым белгі;
в) ата – анадан алынған гендер жиынтығы;
г) сыртқы және ішкі белгілер жиынтығы.
6. Гендердің тізбектелу ілімі бойынша алынған қай факт хромосоманың тұқым қуалаушылық теориясын айқындайды?
а) тізбектелу тобының сан гаплоидтық хромосоманың жиынтығының санына сәйкес келуі;
ә) бір хромосомада біршене геннің болуы;
б) гендердің бірлесіп тұқым қуалаушылығы;
в) гендердің дербес тұқым қуалаушылығы;
г) дұрыс жауабы жоқ.
7. Адамның кез келген белгілерінің бірнеше ұрпақ бойы тұқым қуалау сипатын зерттеу әдісі:
а) биохимиялық;
ә) егіздік;
б) генеалогиялық;
в) цитогенетикалық;
г) популяциялық.
8. Организмнің өзінің белгілері мен даму ерекшеліктерін келесі ұрпаққа беру қасиеті:
а) генетика;
ә) тұқым қуалаушылық;
б) өзгергіштік;
в) селекция;
г) эволюция.
9. Доминантты белгі:
а) жойылып кететін белгі;
ә) басым белгі;
б) ата – анадан алынған гендер жиынтығы;
в) гендердің өзара күрделі әрекеттесуі;
г) сыртқы және ішкі белгілер жиынтығы.
10. Қандай будандастыру белгілердің 9: 3: 3: 1 ара қатынасы байқалады?
а) моногибридті;
ә) моногибридті толық доминанттылық;
б) талдаушы;
в) моногибридті аралық тұқым қуалау;
г) дигибридті.
11. Тұқым қуалаушылықпен өзгергіштікті зерттейтін ғылым:
а) эволюция;
ә) тұқым қуалаушылық;
б) селекция;
в) өзгергіштік;
г) генетика.
12. Қандай белгілерді альтернативті деп атайды?
а) гомологты;
ә) әр түрлі;
б) бірдей;
в) қарама - қарсы;
г) ұқсас.
13. Адам генетикасының қандай негізгі бірден – бір әдістерін білесіз?
а) эмбрологиялық;
ә) физиологиялық;
б) салыстырмалы – анатомиялық;
в) генеалогиялық;
г) палеонтологиялық.
14. Хромосоманың атқаратын қызметі:
а) фотосинтезге қатысады;
ә) клетканың қозғалуына әсер етеді;
б) тыныс алуға қатысады;
в) көмірсу синтездейді;
г) тұқым қуалаушылық ақпараты сақталады.
15. Өсімдіктердің жаңа іріктемелері мен жануарлардың тұқымдарын және ұсақ организмдердің шаруашылыққа қажетті штаммаларын алу әдістерінің жиынтығы:
а) селекция;
ә) генетика;
б) өзгергіштік;
в) эволюция;
г) тұқым қуалаушылық.
16. Геномдық мутация дегеніміз:
а) хромосома санының өзгеруі;
ә) хромосоманың бір бөлігінің екінші бөлігіне ауысы;
б) жеке гендердің сапалық өзгеруі;
в) ДНҚ молекуласындағы нуклеотидтердің өзгеруі;
г) генотипі ауыспалы өзгергіштік.
17. Зиготоға ата – аналарының гаметалары арқылы келіп гетерозиготалы жағдайда үйлесім түзген аллельді гендердің еш уақытта бір - бірімен қосылмауы және өзара әрекеттеспеуі.
а) тіркес тұқым қуалау зңы;
ә) дигибридті шағылыстыруы;
б) гаметалар тазалығы ерекшелігі;
в) моногибридті шағылыстыру;
г) толымсыз доминанттылық.
18. Ч. Дарвин бойынша тіршіліктің негізгі қозғаушы күші не?
а) бір түрдің екінші түрді ығыстыруы және қорек үшін күресте олардың өліп бітуі;
ә) тіршілік үшін күрес және тұқым қуалаушылық негіздегі табиғи сұрыптау;
б) тірі организмдердің мекені;
в) қоршаған ортаға бейімделу;
г) жаттығу, жаттықпау.
19. Ч. Дарвин:
а) эволюцияның негізгі бағыттарын анықтады;
ә) эволюцияның қозғаушы күшін ашты;
б) эволюциялық теорияны генетикамен байланыстыра зерттеді;
в) организмдерді түрге, туысқа, класқа жіктеді;
г) тірі табиғаттың эволюциялық идеяларын баяндады.
20. Гендік рекомбинация ұғымы не мағына береді?
а) клеткалардың бөлінуі;
ә) кроссинговер кезінде немесе хромосомалар түйісінде гендердің жаңадан құрылуы;
б) организмнің өсуі;
в) организмнің күрделенуі;
г) мейозда.
21. Қандай отбасында альбинос бала болмайды (альбинизм гені рецессивті, аутосомды – а)?
а) р АА х аа;
ә) р Аа х Аа;
б) р Аа х аа;
в) р аа х аа;
г) р АА х АА.
22. Органикалық дүние эволюциялық қандай бағыты тірі организм құрылысының деңгейін күрделендіреді?
а) ароморфоз;
ә) дивергенция;
б) дегенерация;
в) идиоадаптация;
г) биологиялық регресс.
23. С. С. Четвериков:
а) тірі табиғаттың эволюциялық идеяларын баяндады:
ә) эволюциялық теорияны генетикамен байланыстыра зерттеді;
б) эволюциялының негізгі бағыттарын анықтады;
в) эволюцияның қозғаушы күшін ашты;
г) организмдерді түрге, туысқа, класқа жіктеді.
24. Қазақстанның ақбасты тұқымды мүйізді ірі қараларын шығаруға қатынасқан ғалым - селекционер:
а) В. Фурсов;
ә) Б. Мусин;
б) Б. Есенжолов;
в) М. Айтхожин;
г) Г. Бияшев.
25. Намазшам гүлінің екі формасын (қызыл және ақ гүлді) будандастырғанда 2 - гибридтің ұрпағында қандай белгілер ажырайды?
а) 1: 1: 3;
ә) 3: 2: 2: 1;
б) 1: 2: 1;
в) 3: 3: 3: 1;
г) 3: 1.
26. Мутация құбылысын зерттеудің практикалық маңызы неде?
а) практикалық маңызы жоқ;
ә) селекцияда бастапқы материал ретінде пайдалану;
б) доминантты белгіні басқару;
в) организмнің өсуін реттеу;
г) жалпы бұл құбылысты анықтау.
27. Хромосомаға және гендік жиынтыққа байланысты денелік клетка қайсысына сәйкес келеді?
а) зиготаға;
ә) сперматозоидқа;
б) эндосперм клеткасына;
в) жұмыртқа клеткасына;
г) гаметаға.
28. Ата – аналары бір – бірінен бір жұп белгі бойынша ажыратылатын дараларды шағылыстыру:
а) моногибридті шағылыстыру;
ә) гаметалар тазалығы ережесі;
б) толымсыз доминанттылық;
в) дигибридті шағылыстыру;
г) тіркес тұқым қуалау заңы.
29. Егер ұрпағында фенотип 1: 1 қатынаста кездессе, онда ата - аналары туралы не айтуға болады?
а) біреуі гетерозиготалы да, ал екіншісі рецессивті гомозиготалы;
ә) екеуі де гетерозиготалы
б) біреуі гетерозиготалы да, ал екіншісі доминантты гомозиготалы;
в) екеуі де гомозиготалы;
г) барлық жауаптары дұрыс.
30. Гетерозис құрылысы бірінші ұрпақтан кейін қалай байқалады?
а) күшейеді;
ә) өледі;
б) бірнеше ұрпақтан кейін белгілер пайда болады;
в) ұрпақ өскен сайын сақталынады;
г) сақталады.

Тест сұрақтарының жауаптары
1 - ә, 2 - ә, 3 - ә, 4 - а, 5 - г, 6 - ә, 7 - б, 8 - ә, 9 - ә, 10 - г, 11 - г, 12 - в, 13 - в, 14 - г, 15 - а, 16 - г, 17 - б, 18 - ә, 19 - ә, 20 - ә, 21 - б, 22 - а, 23 - ә, 25 - б, 26 - ә, 27 - а, 28 - а, 29 - а, 30 - ә

Генетика негіздері тарауы бойынша. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама