Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Геометриялық фигуралар және олардың қасиеттері
4 - сынып Математика
Сабақтың тақырыбы: «Геометриялық фигуралар және олардың қасиеттері»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: Геометриялық фигуралар және олардың қасиеттері туралы білім - білік дағдыларын кеңейту. Фигураның ауданын периметрін, көлемін табуды еске түсіріп, білімдерін тиянақтау. Ауызша және жазбаша есептеу дағдыларын жетілдіру
Дамытушылық мақсаты: Геометриялық фигураларға байланысты логикалық есептер шығарту
Тәрбиелік мақсаты: Ұлттық ойындар арқылы ұлттық дәстүрді бала бойына сіңіру. Наурыз мейрамы арқылы салт - дәстүріміздің тәрбиелік мәнін түсінуге үйрету.
Сабақтың көрнекілігі: Графопроектордан көрсетілетін слайдтар, үлестірме қима қағаздар, жетондар, тымақ, таяқ, кесте.
Сабақтың әдісі: а) ақпараттық технологияны пайдалану(графопроектор)
ә) СТО технологиясы(Қазақстан - Сорос)
б) халықтық педагогика элементтері.
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ

Сабақтың жүрісі:
1Ұйымдастыру кезеңі
Амандасу, танысу
Оқушылардың оқу - құралдарын түгендеу.
2Психологиялық дайындық
Ғылымның сырын ұғына,
Шығамыз биік шыңына.
Тапқырлық пен зеректік
Жеткізеді біздерді
Математика сырына.

3. Үй жұмысын тексеру
№3, 78 - бет (ауызша тексеру)

4. Қызығушылықты ояту
Көктем туралы, наурыз туралы қысқаша әңгіме
Ұлттық дәстүрдің бірі ұлттық ойындар туралы мәлімет алып, бүгінгі сабақта ұлттық ойындарды ойнаймыз. Ойын шарты бойынша сендер математикадан алған білім - деріңді көрсете аласыңдар. Олай болса мен сендерге сәттілік тілеймін.

1. (слайдтан геометриялық фигураларды атату)
1 - сұраққа жауап бергендер І - топ
2 - сұраққа жауап бергендер ІІ - топ
3 - сұраққа жауап бергендер ІІІ - топ болып бөлінеді

Сұрақтар:
1. Қай геометриялық фигураның периметрін анықтауға болмайды?
2. Қарама - қарсы қабырғалары бірдей болатын геометриялық фигура қалай аталады?
3. Радиусы мен диаметрін табатын геометриялық фигураны не дейміз?

№1 тапсырманы орындап, топқа бөлініп, сабақтың тақырыбын анықтадық.
5. Мағынаны тану
«Арқан тартыс»ойыны(слайдтан суретін көрсету)
Ойын туралы қысқаша түсінік.
№2 тапсырманы орындап, сөйлемді аяқтаймыз
а) Тіктөртбұрыштың ауданын табу үшін,...
ә) Бөлменің ауданын оның биіктігіне көбейтіп,... анықтаймыз.
б) Тіктөртбұрыштың периметрін табу үшін, оның ұзындығы мен енін қосып,...
в) Геометриялық фигураның периметрі дегеніміз -... қосындысы.

«Бәйге» ойыны (слайд)
Ойын туралы қысқаша түсінік. Бұл жарыста нағыз сәйгүліктер жеңеді
І - топ
8м2 = дм2 ІІІ - топ
850см2= дм2 см2 5дм2= см2
40м2= дм2 9860см2= дм2 см2
105дм2= м2 дм2

ІІ - топ
2м2= см2
1768см2= дм2 см2
1000дм2= м2
Үлестірме қағаздармен жұмыс (слайдтан тексеру)
«Көкпар» ойыны (слайд)
Ойын туралы қысқаша түсінік. Қай топ тез орындап болса көкпар солардікі.
№4 тапсырма.(кестемен жұмыс)

І топ
Тіктөртбұрыштыңұзындығы 80см 25см
Тіктөртбұрыштың ені 4см 5см
Периметрі 168см 60см
Ауданы 320см2 125см2

ІІ топ
Тіктөртбұрыштың ұзындығы 17см 15м
Тіктөртбұрыштың ені 10см 5м
Периметрі 54см 40м
Ауданы 170см2 75м2

ІІІ топ
Тіктөртбұрыштың ұзындығы 15мм 20см
Тіктөртбұрыштың ені 12мм 3см
Периметрі 54мм 46см
Ауданы 180мм2 60см2
(слайдтан тексеру), формуламен түсіндіру

6. Сергіту сәті
«Тымақ ұру» ойыны
«Ақсүйек»ойыны (слайд)
Ойын туралы қысқаша түсінік.
Дәптермен жұмыс
№5 тапсырма
а) әр топтың ұлдары ә) әр топтың қыздары орындайды.

Тақтада орындау
а) Ш: 24: 3=8(см)- ені (24+8)*2=64см - Р 64: 4=16см - ш. қ
Ж: Шаршының қабырғасы 16см
ә) 20*12=240(см2)- S 12: 3=4(см)- в 240: 4=60(см)- а
Ж: Екінші тіктөртбұрыштың ұзындығы 60см
«Лақша секіру»ойыны(слайд)
Ойын туралы қысқаша түсінік. Бұл тапсырманы орындап лақша секіріп келесі тапсырмаға өтіп кетеміз.
№6 тапсырма
а) Ш: 8: 4=2(см) 4*2+2*2=12(м)- осынша таспа қажет.
ә) Ш: 3*2=(6м2)=600(дм2)- еденнің ауданы
5*5=25(дм2)- қыш тақтаның ауданы
600: 25=24(дана)- қыш тақта қажет
б) 9*32*16=3648(м2)- алаңның ауданы
«Жылдырт - жылдырт» ойыны(слайд)
№7 тапсырма
а) жазбаша дәптерге орындату
V=12*3*18
V=2*4*5
V=9*13*1
ә) ауызша
7Ой қорыту
Не білемін? Не үйрендім? Үйренгім келеді?

8. Үйге тапсырма беру.
№8 80 - 81бет
9. Бағалау.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама