Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Ғұндардың тұрмысы мен шаруашылығы
Ғұндардың тұрмысы мен шаруашылығы
ЖОСПАР
1) ҒҰНДАРДЫҢ ТҰРМЫСЫ
2) ҚОҒАМДЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫ
3) ҒҰНДАРДЫҢ МӘДЕНИЕТІ

Ғұндардың тұрмысы
ҒҰНДАР МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫМЕН АЙНАЛЫСТЫ
ҒҰНДАР ЕГІНШІЛІКПЕН АЙНАЛЫСТЫ
ҒҰНДАР АҢ АУЛАУМЕН АЙНАЛЫСТЫ

Егіншіліктің жақсы дамығанын білдіретін темір орақ, соқа тістері, қол диірмендер, дәнүккіштер табылған.
Киіз үйлерде тұрды.
Қолөнер жақсы дамыған.
Аммиан Марцелин: «Ғұндар жақсы шыныққан, олар отты да қажет етпейді. Олар тау мен орманда көшіп жүреді, жас кезінен ыстық - суыққа, шөлге үйренген»

Қоғамдық құрылысы
Ғұндар - көшпелі патриархалды ел. Оларды ақсақалдар кеңесі басқарған. Елді шанью биледі. Тақты атадан балаға қалдырып отырған. Өзіндік құқық қорғау жүйесі болған. Ауыр қылмыстар мен опасыздық жасағандарға өлім жазасы кесілген. Ал ұсақ қылмыстар үшін айыптының бетін тілген және т. б жазалар қолданған.

Ғұндардың мәдениеті
Ғұндар көшпелі өмір кешті. Олардың салты римдіктер мен гректерге өзгеше болып көрінген.
Ғұндардың қалалары болған.
Бұйымның бетіне алтын түйіршіктерді дәнекерлеуді білген. Мұндай шеберлікті зерлеу деп атаған.

Тарихи терминдер:
Жүзбасы – жүз адамдық әскердің басшысы.
Патриархалды билік - ер адамдардың билігінің жоғары болуы.
Тәлімді егіншілік - қолдан суарылмайтын егін.
Зерлеу әдісі - бұйымдардың беттеріне алтын түйіршіктерді дәнекерлеу.
«Полихромдық стиль»- бұйымға сәндік үшін түрлі - түсті заттар жабыстыру.

Мәтінмен жұмыс.
Қалып қойған сөзді тауып сөйлемді толықтыр
Ғұн тайпаларында..................... теңсіздік қалыптасқан. Ғұндар - көшпелі.......................... ел. Оларды.................. кеңесі басқарған. Елді................ биледі.
Ғұндарда өзіндік............... қорғау жүйесі болған. Ауыр қылмыс пен опасыздық жасағандарға................. жазасы тағайындалған.

Ғұндар көшпелі өмір кешті.
Олардың өмір салты римдіктер мен гректерге өзгеше болып көрінген. Сондықтан тарихи деректерден көшпелілер туралы әртүрлі көзқарасты кездестіреміз.
1. Рим тарихшысы Аммиан Марцеллин ғұндарды қалай сипаттады?
2. Ғұндардың қалалары жайында Прииск қалай сипаттады?
3. Аммиан Марцеллин ғұндардың өмірі туралы пайымдап жазғаны.

Тест
1. Ғұндардың негізгі шаруашылығы:
А) аң аулау Ә) балық аулау Б) мал шаруашылығы
2. Төсеніш пен кілемдерді неден жасаған?
А) жүннен Ә) теріден Б) шөптен тоқыған
3. Ыдыс - аяқ жасауға төмендегі материалдардың қайсысын пайдаланған?
А) тас Ә) темір Б) ағаш
4. Бұйымның бетіне алтын түйіршіктерді дәнекерлеу әдісі қалай аталған?
А) зерлеу Ә) безендіру Б) полихромдық стиль
5. «Ғұндар төзімді келеді. Ат үстінде ұйықтап түс те көреді» деп сипаттаған Рим тарихшысы кім?
А) Прииск Ә) Геродот. Б) Аммиан Марцеллин
6. Өлім жазасына қандай қылмыс жасағандар кесілген?
А) ауыр қылмыс Ә) жеңіл қылмыс Б) мал ұрлаған
7. Ғұн әйелдерінің құлағына таққан әшекей заты:
А) білезік Ә) сырға. Б) түйреуіш
8. Қолдан суарылмайтын егіншілік қалай аталады?
А) көгенді Ә) суармалы Б) тәлімді
9. Бағалы заттар кімдердің қабірлерінен табылған?
А) қарпайым адамдардың Ә) үстем тап өкілдерінің Б) құлдардың
10. Қорамсақ деген не?
А) жебе салатын сауыт Ә) садақтың аты Б) ер тоқымның түр
Ғұндардың тұрмысы мен шаруашылығы жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама