Philip Kendall
- 04 мам. 2026 10:00
- 32
Хантавирус: үш адамның өмірін қиған қатерлі індет теңіз саяхатында жұқтырылған
Атлант мұхитындағы круиздік кемеде үш адамның өмірін қиған хантавирус инфекциясының өршуі тіркелді. Бұл туралы әлемдік ақпарат құралдары хабарлады.
MV Hondius кемесі Аргентинадан Кабо-Вердеге бара жатқан жолаушыларды тасымалдаған. Алайда, саяхаттың соңы қайғылы жағдаймен аяқталды.
Алғашқы болып 70 жастағы нидерландылық ер адамның бойында ауру белгілері байқалды. Ол кеме бортында көз жұмды. Кейіннен оның 69 жастағы әйелі де ауыр халде Йоханнесбургтегі ауруханаға жеткізілгенімен, өмірін сақтап қалу мүмкін болмады. Кемедегі тағы бір жолаушы да осы вирустан қайтыс болды. Ал 69 жастағы Ұлыбритания азаматының жағдайы ауыр, ол Оңтүстік Африкадағы жансақтау бөлімінде жатыр. Оның бойынан хантавирус анықталған.
Дәрігерлер кемеде вирус жұқтырғандар санының көбеюі мүмкін екенін айтуда. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) мәліметінше, хантавирус тыныс алу жолдарының ауыр ауруларына әкелуі ықтимал. АҚШ ауруларды бақылау және алдын алу орталығының деректері бойынша, бұл вирус өкпе қабынуына, яғни хантавирустық өкпе синдромына соқтыруы мүмкін. Сирек болса да, вирус адамнан-адамға жұғуы ықтимал екені айтылады.