Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
І. Жансүгіров «Әнші»
Сабақтың тақырыбы: І. Жансүгіров «Әнші»
Мақсаты:
1. Ілияс Жансүгіровтің өмірі, қызметі, шығармашылығы туралы өз беттерінше білім алуларына жағдай жасау, «Әнші» өлеңімен таныстыру, шығарманы талдата отырып, түсініп, мәнерлеп оқуға үйрету
2. Оқушылардың сөздік қорын, шығармашылық қабілетін, ой - өрісін дамыту.
3. Ілияс шығармасы арқылы эстетикалық тәрбие қалыптастыру
Сабақ түрі: жаңа сабақ
Сабақтың типі: жаңа материалды меңгеру
Оқытудың формасы: ұжымдық
Сабақта қолданылатын әдіс – тәсілдер: СТО стратегиялары, сұрақ – жауап, топпен жұмыс, талдау - жинақтау, топтастыру, баяндау, тест
Сабақ көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер, кітап көрмесі, бағалау парағы
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру
Оқушыларды топқа бөлу. Таныстыру. Сәлемдесу. Топ басшыларына бағалау парағын үлестіру.
ІІ. Жаңа сабақ
І. Қызығушылықты ояту кезеңі
1. «Ой қозғау» стратегиясы. Топтарға алдын - ала берілген тапсырмалар бойынша жұмыс.
1 - топ «Құлагер»
І. Жансүгіров туралы не білесіңдер?
«Сандар сыр шертеді» кестесі бойынша
Ілияс өмірі, қызметі туралы шолу жасайды.
1894ж
1905 - 1911ж. ж 1938ж
1916ж
1920ж
1925ж 1928ж 1934 - 1936ж
1) 1894 жылы Талдықорған облысы Ақсу ауылында дүниеге келген
2) 1905 - 1911 жылдары алғашқыда әкесінен хат танып, содан соң молдадан оқып, Қарағаштағы татар үлгісіндегі мектепте дәріс алды.
3) 1916 ж. «Әншіге» өлеңін жазады
4) 1920 ж. Алматыға келіп, үш айлық мұғалімдер курсын бітіреді.
5) 1925 ж. Мәскеудегі журналистика институтына түседі.
6) 1928 ж. Елге келіп, «Еңбекші қазақ» ( қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде қызмет атқарды. «Сағанақ» деген тұңғыш кітабы жарық көрді.
7) 1934 - 1936 жылдары Қазақстанда көркем әдебиет баспасында поэзия бөлімін басқарады.
8) 1938 жылы Зұлмат қолына ілігіп, ату жазасына кесіледі.

2 - топ «Күйші»
І. Жансүгіровтің балаларға арналған қандай шығармаларын оқыдыңдар, білесіңдер? («Шәркей», «Бұлт» «Сабын», «Жазғытұрым», «Анам тілі», «Жас бұлбұлдарға» т. б.)
Кітап көрмесі арқылы І. Жансүгіровтің басқа да шығармаларына шолу жасайды.
2. «Топтастыру» стратегиясы
Ілияс кім?

ІІ. Мағынаны тану кезеңі
«Әнші» өлеңі (жаңа сабақ)
3.«Түсіну» стратегиясы
А) Екі топ мәтінді өз бетімен оқиды.
- Өлең кім туралы? (оқушылардың жауаптары)
Б) Мұғалім оқушылардың айтқанын қорытындылап, Әсет Найманбаев туралы білімдерін толықтырады.

Әсет Найманбайұлы (1867 - 1923) - қазақтың атақты әнші - композиторы, суырып салма ақыны. Қарқаралы уезінің Темірші болысында қарайтын 8 ауылда (қазіргі Қарағанды облысы Қоңырат ауданы «Қызыларай» ауылы) туған. Осы маңдағы Керегетас, Қызыларай таулары мен Қаршығалы өзенінің бойы Әсеттің Атамекені болған.

В) Әсет Найманбаев туралы не білдік? Ол кім?
ІІІ. Оқулықпен жұмыс
1) Өлеңді дауыстап, мәнерлеп оқыту.
2) Сөздік жұмысы
Желқабыз сын. - 1. Әуесқой
2. Жеңілтек мінезді, ұшқалақ
Делебе: делебесін қоздырып етістік - желіктіріп, қызықтырып
4. «Талдау» стратегиясы. Шығарманы композициялық құрылысын сызба бойынша сатылай талдау
Шығарманың тақырыбы
Шығарманың авторы
Жанр түрі
Кейіпкерлері
Оқиғаның басталуы
Оқиғаның шиеленісуі
Шығарманың шарықтау шегі
Шығарманың аяқталуы
Шығарманың идеясы
Шешімі
5.«Еркін жауап» стратегиясы
1. Өлеңді талдау:
- Өлең кімнің атынан жырланады?
- Ән мен оның мәтіні қандай бірлікте болу керектігі туралы айтылады?
- Әсет салған әннің нақыш өрнектері қалай сипатталады?
- Өлеңде қандай қазақ жерінің атаулары беріледі және еліктен?
- Қандай көрші мемлекеттер туралы айтады?
- Әншіге, ақынның өзіне қояр талабы қандай?
- Өлеңді ой жүйесіне қарай неше бөлікке бөлуге болады?
- Әр бөлікке қандай ат қояр едіңдер?
2. Өлең құрылысына талдау жасау.
• Ар - ғын - мын, а - тым Ә - сет, а - рын - да - ған, - 11 - а
• А - рын - дап ән са - ла ма да - ры - ма - ған, - 11 - а
• Ас - пан - ның а - я - сында ән шал - қыт - қан,
• Бұл - бұл - мын дау - сы көк - те да - мыл - даған - 11 - а
Өлең 11 бунақты, шұбыртпалы ұйқас түрінде жазылған.

3. Мәтінді талдау:
Мәтін Өз пікірім
Тауықпын, тары тердім Найман шалдан
Найман елі айы туған маңдайшадан
Ойда – орыс, өрде қытай қоныстасым,
Ауылым бар Ауғанға да теуіп барған.
Ән салсаң, өзімдей сал, аңыратып...
Ән салсаң, Әсеттей сал әсемдетіп...

2) Өлеңде қолданылған бейнелі сөздерді табыңдар
Теңеу – заттың не құбылыстың ерекше белгілерін басқа затпен не құбылыспен салыстыра суреттеу.
Үйректей, қаздай қалқып жүрмін жүзіп,
Аққудай аспандағы әнді өрлетіп,
Қоңыр қаздай мамырлатып,
Сулы інгендей күңірентіп,
Нөсердей жауындатып,
Қазандай дауылдатып,
Қамыстай сауылдатып
Теңеу сөздер арқылы әнші өзінің халқының еркесіне айналғанын мақтанышпен сездіреді
Эпитет (айқындау)– заттың не құбылыстың айрықша сипатын, сапасын белгісін білдіретін сөздер ( ми дала, меңіреу шөл, күміс көлдер, сар дала т. б.)
Метафора (ауыстыру) – суреттелген затты не құбылысты айқындай түсу үшін, оларды өздеріне ұқсас затқа не құбылысқа балау
Бұлбұлмын
Тұлпармын
Жорғамын Майдамын Тауықпын
құм - қыстау, өлке - көктеу, өзен - күзеу, жайлауым – жалпақ дала, сөз - жаңбыр, даусым - дауыл, әнім – ескек

ІҮ. Бекіту
1. Қазақтың қандай халық композиторларын білесіңдер?
Өз халқының еркесіне, мақтанышына айналған Әсет дәуірінде өмір сүрген әнші ақындарды топтастыру.

Ақан сері
Үкілі Ыбырай Біржан сал
Жаяу Мұса Әміре Қашаубаев

Альтернативті тест
• 1. І. Жансүгіров біздің жерлесіміз бе?
А) иә Ә) жоқ
• 2. Ол балаларға арнап шығармалар жазған ба?
А) иә Ә) жоқ
• 3. “Әнші” өлеңі сіздерге ұнады ма?
А) иә Ә) жоқ
• 4. Әсет - халық композиторы ма?
А) иә Ә) жоқ
• 5. Ілиястың шығармаларын оқимыз ба?
А) иә Ә) жоқ
• 6. Өзіміз де өлең шығара аламыз ба?
А) иә Ә) жоқ
• 7. Өнер, өнерлі адам жайлы бір шумақ өлең жазу
Ү. Ой қорыту. Insert стратегиясы бойынша жұмыс.
Білемін Не білдім? Білгім келеді
Бағалау парағы арқылы оқушылардың өзін – өзі бағалауы.
ҮІ. Үйге тапсырма
“Әнші” өлеңін оқу, талдау, ұнаған шумағын жаттау. «Ел іші – өнер кеніші» тақырыбында шағын шығарма жазу.

Алматы облысы, Көксу ауданы, Мұқыры ауылы,
Жапсарбаев атындағы орта мектептің
қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі
Бейсенова Сәуле Серікқызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама