Ыбырай Алтынсарин өмірі мен шығармашылығы
Қостанай облысы, Арқалық қаласы,
Родина жалпы білім беретін орта мектебі
қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Әлиасқарова Мейрамкүл Қуанышбекқызы
Ашық сабақ жоспары
Қазақ әдебиеті 10 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Ыбырай Алтынсарин өмірі мен шығармашылығы
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділігі: Қазақ даласының дара ұстазы Ыбырай Алтынсариннің ұстаздық жолы мен қазақ даласының, келешек ұрпақтың қамы үшін жүргізілген еңбектері туралы оқушыларға түсіндіре отырып, сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру және тіл шеберліктерін байқау.
ә) Дамытушылық: Оқушылардың ой тұжырымдарын, әдеби тіл байлықтарын, есте сақтау қабілеттерін, көркем сөз оқу шеберлігін дамыту.
б) Тәрбиелік: Оқушыларды Ыбырай әңгімелеріндегі кейіпкерлердің жақсы мінез - құлық, орынды іс - әрекеттерін талдау арқылы адамгершілікке, адалдыққа, мейірімділікке қамқорлық жасауға баулу, тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: конференция - ізденіс сабағы
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, ізденіс.
Сабақтың көрнекіліктері: Әдеби кітаптар, үлестірмелі қағаздар, сурет, бүктемелер және өлең жолдары жазылған қағаздар.
Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі, әдебиет теориясы.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды сабаққа әзірлеу, оқу құрал – жабдықтарын тексеру.
Жаңа сабақ:- Құрметті оқушылар, бүгінгі сабағымыз талай дана – данышпан, дарабоз тарихи тұлғаларды дүниеге келтірген дархан Қостанай топырағында дүниеге келген ұлтымыздың алғаш білім қоңырауын соққан ұстазы, балалар әдебиетінің атасы Ыбырай Алтынсариннің (1841 – 1889) өмірі мен шығармашылығына арналады. Мектеп табалдырығын аттаған кезден бастап - ақ Ыбырай өлеңімен сусындап өскен сіздерге бұл тақырып қиыншылық тудырмасы анық. Сол себептен үйге Ыбырай Алтынсариннің шығармашылығы жайлы ізденіс жұмыстары берілген болатын. Сабақ ізденіс - конференция түрінде өткелі отыр.
Сөз кезегін өздеріңе бермес бұрын мына видеоны көре кетейік, назар аударыңдар.
Журналист:- Рахмет, Иә, бүгінгі сабағымыз ұлы ұстаз, қазақ балалар әдебиетінің атасы Ыбырай Алтынсаринге арнағалы отырмыз. Менің зерттеушілерге дана ұстаздың балалық шағы қалай өткенін айтып беруін сұрағым келеді?
Зерттеуші: Ыбырай (шын аты Ибраһим) Алтынсарин 1841 жылы 20 қазанда Қостанай қаласындағы Затобол ауданында дүниеге келген. Ыбырай үш жасқа келгенде әкесі Алтынсары қайтыс болады. Оны Кенесары шапқыншылығында өлтіріп кетеді. Ыбырайды әкесінің досы Жетібай Өтемісұлы құтқарып қалады. Әкесі қайтыс болғаннан кейін тәлім - тәрбиені атасы Балғожа биден алады.
Журналист: - Әкесі Алтынсары қайтыс болған Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс жайлы білу үшін тарих маманы Сыздықов Мереке Әлімжанұлына сөз береміз.
- Мереке ағай, рахмет. Келесі сұрақ: Балғожа би жайлы пікірді толықтыра кетсеңіз.
Зерттеуші: Балғожа Жаңбыршыұлы (туған жылы белгісіз - 1860) - би. Ыбырай Алтынсариннің атасы. Орта жүздің Қыпшақ тайпасының Ұзын руынан шыққан. Қазіргі Қостанай облысының Қостанай ауданында дүниеге келген. 1824 жылы хандық жойылып, Орынбор генерал - губернаторлығы үш аға сұлтандыққа бөлініп, әр сұлтандық дистанцияларға, дистанциялар бөлімшелерге бөлінген кезде Балғожа би Жаңбыршыұлы Ұзынқыпшақ бөлімшесін басқарған.
Балғожа Жаңбыршыұлы 1839 жылы хорунжий, 1848 жылы жүзбасы «сотник»), 1850 жылы старшина әскери лауазымын алған.
Ресей өкіметі тарапынан «Ынталылығы үшін» («За усердие») деген алтын медальмен марапатталған. Сонымен бірге патша өкіметі оған аты жазылған екі тапанша мен қосауызды мылтықты сыйға тартқан.
Балғожа би Жаңбыршыұлы Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт - азаттық көтерілісті басуға қатысқан. Оның баласы Алтынсары 1844 жылы көтерлісшілер қолынан қаза табады. Осыдан соң немересі Ыбырайды өз тәрбиесіне алған. Балғожа би немересін 1850 жылы Орынбор шекара комиссиясының осы қалада қазақ балалары үшін ашқан жетіжылдық мектеп - интернатына оқуға береді. Замана бет алысын өзінше болжаған Балғожа би табысқа жетудің ендігі жолы - оқу деп біледі. Бидің ондағы мақсаты, әрине, немересінің бала оқытып, педагог болуы емес, әкімшілік орындарда жұмыс істеп, шенеунік, орысша оқыған «төре» болып шығуы, ата - анасын асырауы. Балғожа би бұл ойын Орынборда оқып жүрген жасөспірім Ыбырайға жолдаған өлең - хатында былайша білдірген:
Үміт еткен көзімнің нұры - балам,
Жаныңа жәрдем берсін Хақ тағалам.
Атаң мұнда анаңмен есен - аман,
Сүйіп сәлем жазады бүгін саған.
Атаңды сағындым деп асығарсың,
Надан боп білмей қалсаң, аһ ұрарсың.
Шырағым, мұнда жүрсең не етер едің,
Қолыңа құрық алып кетер едің.
Тентіреп екі ауылдың арасында
Жүргенмен, не мұратқа жетер едің?!

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.