Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 сағат бұрын)
Иран президенті көрші елдерге үндеу тастады: «Бізде таңдау қалмады»

Иран президенті Масуд Пезешкиан көрші елдердің басшыларына үндеу жасап, аймақтағы жағдайға байланысты алаңдаушылық білдірді. Оның айтуынша, АҚШ пен Израидің әскери әрекеттері Иранға қорғанысқа көшуден басқа амал қалдырмаған.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Аймақтағы шиеленіс

Пезешкиан өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында: «Дос және көрші елдердің басшылары, біз соғысты болдырмау үшін дипломатиялық жолды таңдауға тырыстық. Алайда, америкалық-сионистік әскери агрессия бізге қорғанудан басқа таңдау қалдырмады», - деп жазды.

Ол Иранның көрші елдердің егемендігін құрметтейтінін және Таяу Шығыстағы тыныштықты аймақ елдерінің өздері қамтамасыз етуі керек екендігіне сенімді екенін атап өтті.

АҚШ пен Израидің Иранға қарсы операциясы

Еске сала кетейік, АҚШ пен Израи 28 ақпанда Иранға қарсы операция бастаған болатын. Тель-Авив бұл операцияның мақсаты – Иранның ядролық қару алуына жол бермеу екенін мәлімдеді. Вашингтон ирандық флотты, қорғаныс өнеркәсібін жоюға және Иран азаматтарын режимді құлатуға шақырды.

Иран Қызыл Жарты Ай ұйымының мәліметінше, АҚШ пен Израидің шабуылдарынан кем дегенде 1000 адам қаза тапқан, олардың қатарында жоғарғы көшбасшы Әли Хаменеи де бар.

БАҚ-тың хабарлауынша, зымырандар тек әскери нысандарға ғана емес, аймақтағы басқа да елдердегі азаматтық инфрақұрылымдарға да тиген. Тегеран бұған жауап ретінде Израиль аумағына, сондай-ақ Таяу Шығыстағы американдық базаларға шабуыл жасап отыр.

Жаңалықтар

Жарнама