агентство "Анадолу
- 09 нау. 2026 02:31
- 53
Ирандағы ядролық нысан АҚШ пен Израильдің соққысынан зақымданды
Иранның Исфахан провинциясындағы ядролық нысан АҚШ пен Израильдің бірлескен шабуылынан елеулі зақым көрді. Бұл туралы Иранның ISNA ақпарат агенттігі ұлттық ядролық қауіпсіздік орталығына сілтеме жасап хабарлады.
Қазіргі уақытта радиациялық ластану туралы ақпарат түспегені айтылады. Халықаралық атом энергиясы агенттігі (МАГАТЭ) оқиға туралы хабардар етілді.
РИА Новости агенттігінің хабарлауынша, ядролық нысанға 7 наурызда АҚШ пен Израиль зымыранмен шабуыл жасаған. Бұған дейін Иран билігі 1 наурызда уран байыту зауыты орналасқан Натанз ядролық нысанына екі рет соққы болғанын, бірақ радиациялық шығын тіркелмегенін мәлімдеген.
АҚШ пен Израиль 28 ақпанда Иранға қарсы әскери операция бастаған болатын. Тель-Авивтің айтуынша, бұл операция Иранның ядролық қару алуына жол бермеу мақсатын көздеген. Вашингтон ирандық флотты, қорғаныс өнеркәсібін жоюға және ел азаматтарын режимді құлатуға шақырған еді. Шабуыл нәтижесінде Иранның жоғарғы көсемі аятолла Али Хаменеи қаза тапты. Елде 40 күндік қаралы күн жарияланды.
Өз аумағына жасалған соққыларға Тегеран Таяу Шығыстағы Вашингтонның одақтас елдеріндегі американдық нысандарға шабуыл жасау арқылы жауап берді.