Photo: Juan Pablo Serrano (https://www.pexels.com/@juanpphotoandvideo) / Pexels
- 01 нау. 2026 10:31
- 28
Ирандағы қазақстандықтарды төрт ел арқылы шығару жоспарлануда
Ирандағы қазақстандықтарды елден шығару үшін төрт бағыт әзірленді. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Иранның әуе кеңістігінің жабылуына және авиақатынастың уақытша тоқтатылуына байланысты, елде жүрген қазақстандықтарға құрлық шекаралары арқылы шығу мәселесін пысықтау үшін республиканың дипломатиялық өкілдіктеріне хабарласу ұсынылды.
Бұл бағыттар келесідей:
Иранда уақытша немесе тұрақты тұратын барлық қазақстандықтарға жеке қауіпсіздік шараларын күшейту ұсынылады.
Қауіпсіздік шаралары
Отандастарға келесідей ұсыныстар берілді:
Шұғыл байланыс телефондары
Қазақстанның Ирандағы елшілігіндегілер осы елдегі қазақстандықтар үшін тәулік бойы жұмыс істейтін шұғыл байланыс желілерін ашты:
Елшілік өкілдері азаматтарды консулдық көмек алу үшін осы байланыс арналары арқылы хабарласуға шақырды. Сондай-ақ, өздерінің орналасқан жері мен жағдайын хабарлауды өтінді. Өз қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға, сабыр сақтауға және тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырды.
Бұған дейін ҚР Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, Иран аумағында 96 қазақстандық болған. Оның 18-і дипломатиялық өкілдіктердің қызметкерлері, 2-уі студент, 70 адам «Заркух» зауытының қызметкерлері. Тағы алты азамат жеке істері бойынша Иранда жүрген. Олардың арасында зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген.
Бұған дейін, 27 ақпанда, ҚР СІМ қазақстандықтарға Ираннан кетуге кеңес берген болатын.