Photo: Pixabay (https://www.pexels.com/@pixabay) / Pexels
- 01 нау. 2026 03:30
- 26
Иранның Жоғарғы басшысы Әли Хаменей қайтыс болды ма? Reuters агенттігі мәлімдеді
Reuters агенттігі Иранның Жоғарғы көшбасшысы Әли Хаменейдің денесі оның қираған резиденциясынан табылғанын растады.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Агенттіктің жеке дереккөздері Әли Хаменейдің қайтыс болғанын мәлімдеген. Бұған дейін Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху АҚШ пен Израильдің Иранға жасаған бірлескен соққыларынан кейін Хаменейдің көз жұмғаны туралы белгілер барын айтқан болатын.
Нетаньяхудың мәлімдемесі
«Бұл тиранның енді жоқ екеніне көптеген белгілер бар. Бүгін таңертең біз аятолла режимінің жоғары лауазымды өкілдерін, Ислам революциясы сақшылар корпусының қолбасшыларын, ядролық бағдарламаның негізгі тұлғаларын жойдық және мұнымен тоқтамаймыз. Алдағы күндері террористік режимнің тағы мыңдаған нысандарына соққы жасаймыз», – деген еді Нетаньяху.