Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 35 минут бұрын)
Иранның рухани көсемі Әли Хаменеи өмірден озды

Иранның Жоғарғы рухани жетекшісі, аятолла Әли Хаменеи өмірден озды. Бұл туралы елдің мемлекеттік телеарналары мен ресми ақпарат құралдары хабарлады.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Мәліметтерге сәйкес, Хаменеи 28 ақпан күні таңертең, АҚШ пен Израиль Иранға қарсы әуе операциясын бастаған уақытта қайтыс болған. Иранның мемлекеттік IRNA агенттігі оның «шейіт болғанын» хабарлады.

Елде 40 күндік аза тұту жарияланды

Хаменеидің қайтыс болуына байланысты Иран аумағында 40 күндік аза тұту жарияланды. Алдағы бір апта жұмыс күні ретінде саналмайды.

Әли Хаменеи кім болған?

Әли Хаменеи 1989 жылғы 4 маусымда Иранның Жоғарғы рухани жетекшісі қызметіне тағайындалды. Бұл шешім Иран Ислам Республикасының негізін қалаушы Рухолла Хомейнидің қайтыс болуынан кейін қабылданды.

Одан бұрын, 1981-1989 жылдары аралығында ол Иран президенті қызметін атқарды. Оның президенттік кезеңі Иран-Ирак соғысымен тұспа-тұс келді. Бұл кезеңдегі соғыс жағдайы, халықаралық оқшаулану және ішкі саяси тұрақсыздық оның саяси тәжірибесін қалыптастырды.

Хаменеи билігі кезінде Иран ядролық бағдарламасын дамытуды жалғастырып, аймақтық саясатта белсенді ұстаным танытты. Дегенмен, Батыс елдерімен, әсіресе АҚШ-пен қарым-қатынасы күрделі болып қала берді.

Иранның саяси жүйесінде Жоғарғы жетекші елдің стратегиялық бағытын айқындайтын басты тұлға саналды. Конституцияға сәйкес, президент атқарушы билікті басқарғанымен, маңызды шешімдер Жоғарғы жетекшінің құзыретінде болды.

Жаңалықтар

Жарнама