Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Жағалар
Сабақтың тақырыбы: Жағалар. Конструкциялау.
Сабақтың мақсаты: Жағаларды жіктеу конструкциялау. Жаға
Түрлерімен танысу, іскерлікке ұқыптылыққа
баулу.

Көрнекіліктер: Жаға түрлері буклеттері, сұрақ карталары,
бағалау бетшесі, қайшы, ине, жіп, өлшеуіш лента т. б. керекті құралдар.

Ұйымдастыру: 1. Жоқ оқушыларды белгілеу.
2. Құралдарын тексеру толықтыру.
3. Үй тапсырмасын қайталау. Бәйге ойыны.
4. Сызба тұрғызу. (жаға түрлері).
5. Қорытынды «Ғажайып үштік» ойыны.

Жаңа сабақ.
Қандай да болмасын киімнің әдемі болып көрінуі көбіне жағаның формасын дұрыс таңдай білуіне байланысты. Жаға негізінен екі бөліктен тұрады. Көрініп тұратын жаға - қыры, көрінбей тұратын жаға - тіліктемесі. (Бұл сызба жұмысын орындағанда) араларынан бүгу сызығы өтеді. Жаға киімнің құрамдас бөлігінің бірі. Киімнің сәніне қарай үлгі жасайды. Жаға матаға байланысты жалаң не қос қабатты етіп тігіледі. Астыңғы және үстіңгі беті. Жағаның үстіңгі беті астыңғы бетінен 2 мм дей артық болады. Пішініне байланысты жағалар әр түрлі болады. Жаға, негізінен, екі бөлектен тұрады: көрінетін жаға — қырынан және көрінбейтін жаға - тіктемесінен, араларынан бүгу сызығы өтеді.

Жағаны мойындыққа қосудың өзіндік ережесі бар. Оны мойындыққа қондырып тігілген және негізгі бөлшекпен, көбінесе алдыңғы боймен бірге пішілген (тұтас пішімді) деп екі топқа бөледі. Пішіміне қарай олар: тік жаға ( биіктігі 3, 5 - 4, 5см), тік - қайырма жаға (биіктігі 2, 5 - 3, 5 см) жартылай тік жаға (биіктігі 2см-дей), жазық жаға (биіктігі 0, 5 см) деп бөлінеді.
Сызба сызғанда қондырып тігу сызығы қаншалықты түзу болса, жаға тіктемесі соншалықты биік болады. Мойындық ойындысына қарай жағаларды: ашық мойындықты және жабық мойындықты деп бөледі.

Жаға түрлеріне тоқталу. Буклеттегі жағалармен таныстыру. Осы жағалардың ішінде тік жаға мен жартылай тік жаға сызбасын сызамыз. Тік жағаға берілетін белгілі бір өлшемдер болады. Жағаның ұзындығы алдыңғы бой мен артқы бой мойын ойындысын өлшеу арқылы алынады. Ені 4 см беріледі. ОА 21 см. ОЖ 4 см. ОО1= ОА: 2 = 21: 2 = 11, 5 см. АА1 қондырып тігу сызығы 3 см беріледі. Жаға қиықтарын шығару нүктесі ОЖ= О1О2 = А1А2.
Жаға ені бойынша қондырып тігу сызығына паралелл сызықтар арқылы қосамыз. Жартылай тік жаға сызбасын түсіру. Көтеру нүктесі 3 см. Жағаның ені = 10 см. Бүгу сызығының ортасын табу жағаның ұзындығын 2-ге бөлу арқылы табылады.

Жартылай тік жаға сызба құрылымы: Көтеру мөлшері ( биіктігі) 4 - 6 см. Көмекші Жм ойа - 0, 2хО, Ж+2 см. Көмекші сызық нүктелерді қосу. Көмекші сызық ЖА: 2. Қайыру мөлшері 1 см. Қондыру тігу сызығы Ж тік бұрышты. Жаға ені 9 - 10, 5см. Жағаның алдыңғы шеті АА3 =ЖЖ1. Көмекші сызық нүктелерді қосу. Көмекші сызық Ж1АЗ: 2. Қайыру мөлшері 2 - 2, 5 см. Жаға қырықиығы Ж нүктелері бұрыштарын қосу.
Жаға үлгілерінен сызбалар.

Сарамандық жұмыс:
1. Жаға түрлерінің сызбасын түсіріп үлгі дайындау.
2. Үлгіні матаға орналастырып жаға қиямыз.
3. Сызба бойынша тігуге мата есептеп аламыз.
4. Жағаны бір біріне қосып жұмыс жасаймыз.
Қорытындылау:
Ғажайып үштік ойыны арқылы қорытындылаймыз.
Бағалау:
Жұмыс орнын жинастыру.

Бәйге
1. Еркін қонымдылық үшін қосымша өлшемдерді ата.
Жауабы:
1. Мойын орамына = 0, 7 – 1см
2. Көкірек орамына = 4 – 6 см.
3. Бел орамына = 1 – 3 см.
4. Мықын (жамбас) орамына 2 – 4 см.
2. Сызба қандай бөлшектерден тұрады?
Жауабы:
1. Базистік тор.
2. Артқы бой.
3. Алдыңғы бой.
4. Жең.
5. Жаға
3. Базистік тор қандай өлшемдерге байланысты жасалады?
Жауабы:
1. Артқы бой.
2. Алдыңғы бой ені.
3. Жартылай мықын орамы.
4. Алдыңғы бойдың бел сызығына дейінгі биіктігі.
5. Бұйымның ұзындығы.
4. Жең конструкциясын орындау үшін қандай өлшемдер алу керек?
Жауабы:
1. Білек орамы.
2. Білезік орамы.
3. Жең ұзындығы.
5. Романтикалық, фольклорлық стильдерге анықтама бер.
Жауабы:
1. Романтикалық стиль – әдемілік, ерекшелік, нәзіктік, бөлініп көрініп тұрады. Мысалы: Желбіршектер, шілтерлер, банттар жатады.
2. Фольклорлық стиль – ұлттық сипаттағы осы заманғы киімдер. Мысалы: ою – өрнектер, кестелер жатады.
6. Классикалық, спорттық стильдерге анықтама бер.
Жауабы:
1. Классикалық стильге - форманың тұрақтылығы жатады. Мысалы: костюм – шалбар, жекет – костюм, плащ, белдемше, блузка т. б.
2. Спорттық стильге - демалыста, спортпен айналысқанда, саяхатқа шыққанда киюге ыңғайлы киімдер. Мысалы: күртеме, жейде, комбинезондар, джинсы.
7. Стиль дегеніміз не? Стиль нешеге бөлінеді?
Жауабы: Стиль дегеніміз – мәнер, сипат, ерекшеліктік.
Стиль 4 бөлінеді: 1. Классикалық стиль.
2. Спорттық стиль.
3. Романтикалық стиль.
4. Фольклорлық стиль.
8. Сән, костюм сөзіне анықтама бер.
Сән – киім кию мәдениеті, әр – түрлі қоғамның, дәуірдің тұрақты киім үлгісі.
Костюм – белгілі бір ұлттың, әр – түрлі қоғамның, дәуірдің тұрақты киім үлгісі.
9. Тұлға өлшемдерін ата.
Жауабы: Орам, Жартылай орам, Ені, Биіктігі, Ұзындық.
10. Киімді конструкциялау процесі.
1. Суреттер.
2. Қосымшалар.
3. Сызбалар.
4. Есептеу формулалары.
11. Өлшемді адам денесінің қай жағында тұрып өлшейді?
Жауабы: Өлшемдерді адамның денесінің оң жағында тұрып өлшейді.

12. Көлденең өлшем мен ұзындық өлшемдер қалай жазылады?
Жауабы: Ұзындық өлшемдер толық, көлденең өлшемдер жартылай жазылады.

13. Өлшем алу кезінде сақталатын ережелерді атап бер.
1. Өлшемді оң жағынан тұрып өлшеу.
2. Өлшеуіш лентаны қатты тартуға немесе босатуға болмайды.
3. Өлшем алатын адам тік тұруы қажет.

«Ғажайып үштік» ойыны.
Технология пәні бойынша.
30 ұпай 1. Жағаның ұзындығын қалай табамыз?
Жауабы: Артқы және алдыңғы бойдық мойын ойындысын өлшеу арқылы табамыз.

20 ұпай 2. Ашық мойындықты жағаларды ата.
Жауабы: Ашық мойындықты жағалар. 1. Шәлі жаға. 2. Костюм жаға.
3. Апаш жаға. 4. Жазық.

10 ұпай
3. Жабық мойындықты жағалар.
Жауабы: 1. Тік жаға. 2. Қайырма жаға. 3. Жартылай тік жаға.

Сызу пәні бойынша.
30 ұпай 1. Жаға бөліктерін ата.
Жауабы: 1. Жаға қыры. 2. Жаға тіліктемесі.

20 ұпай 2. Жаға қандай бұрыштық сызбада сызылады?
Жауабы: Жаға көбіне тік бұрышты сызбада сызылады.

10 ұпай
3. Жаға сызықтарын ата.
Жауабы: 1. Бүгілу сызығы. 2. Қондырып тігу сызығы. 3. Жиек сызығы.

Математика пәні бойынша.
30 ұпай 1. Жағаның бүгу сызығының ортасын қалай табады?
Жауабы: Жағаның ұзындығын 2 - ге бөледі.

20 ұпай 2. Тік жаға сызбасының қондырып тігу сызығы неше см есебімен алынады?
Жауабы: Қондырып тігу сызығы 3 см көлемінде алынады.

10 ұпай
3. Жартылай тік жаға сызбасының көтеру мөлшерінің биіктігі неше см есебімен алынады?
Жауабы: Жартылай тік жағаның көтеру мөлшері 2-4см аралығында алынады.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама