Photo: ROCKETMANN TEAM (https://www.pexels.com/@rocketmann-prod) / Pexels
- 30 нау. 2026 17:30
- 29
"Жәкеңнің мойнына тағы бір жүк": Нұрғали Нүсіпжанов жас келіншегімен жаңа жоба бастады
Танымал әнші Нұрғали Нүсіпжанов өзінің жас келіншегі Жадыра Сейдешпен бірге жаңа жоба қолға алғанын хабарлады. Бұл туралы әнші әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жаңа жоба – подкаст
Әншінің айтуынша, бұл жобаның алғашқы шығарылымы «подкаст» жанрына жатады. Нұрғали Нүсіпжанов бұл бастаманың өзі мен жарының дебюті екенін атап өтті. Ол тыңдармандарды асығыс жазылған алғашқы подкастын қабыл алуды өтініп, егер ұнаса, бұл жобаны жалғастыруға дайын екенін жеткізді.
«Гастрольдік сапардан босай қалсам кітапхана жағалайтын қазақ едім… Бұл күнде уақытымның басым бөлігін аурухана ұрлап жатыр… Ем-дом қабылдау өмірімнің ажырамас бір бөлігі іспетті. Оңашада адам шеті жоқ шексіз ойға беріледі. Соның тұңғиық тереңіне батпау үшін әлеуметтік желіні парақтайсың. Қысқа нұсқа сұхбаттар шығыпты. Жадырадан сұрасам “Подкаст” жанры дейді. Онда эксперимент жасайық, деп қолқа салдым», - деп жазды әнші.
Нұрғали Нүсіпжановтың бұл бастамасы «Жәкеңнің мойнына тағы бір жүк» деп аталып, оның жас әйелімен бірге жаңа міндет арқалағанын меңзейді.