- 26 жел. 2019 00:00
- 220
Жалды қара
Тұржанның айтуы бойынша, «Жалды қара» күйінің тууы былай болыпты:
Домбырашы Есбайдың тұсында Таз руында Көпен деген халыққа беделі бар, ауқатты адам болыпты. Көпеннің отыз жылқысы, бес түйесі, 40-50 қойы болса керек. Бір жылы қыс қатты болып, мал түгел боранға ұшыраған. Сонда Көпеннің де малы өліп, жалғыз қара айғыры ғана тірі қалады.
Жалы тізесіне төгілген қара айғыр, жазғытұрым үйірін іздеп, қолды-аяққа тұрмай, бекітсе — бекітуге, байласа — байлауға көнбей, кісінеп, ауылды айнала шауып жүреді. Мұны көрген Есбай:
— Шіркін, жануарым-ай, жалғыз қалып зарыққан екен, — деп күй шығарады. Содан халық арасына Есбайдың «Жалды қара» күйі болып таралып кетіпті.