- 24 жел. 2019 00:00
- 217
Жалғыздықтан қалай құтыла аламын?
Жалғыздық-жүрекке түрпідей қадалатын суық сөз.Көптеген адамдар өмірінде орын алған кейбір келеңсіздіктердің кесірінен жалғызсырап, баз кешіп жатады.Жалғыздықтан құтылудың өзіндік жолдарын да қарастырсақ болады:
1.Спортпен айналысу.Жүзуге не болмаса йогаға жазылыңыз.Бірнеше уақыттан соң жаңа ортаға үйренісіп кете аласыз.Жақын достар тауып, таза ауада серуендеу-жалғызсыраудан құтылудың жарқын жолы.
2.Қызығушылығыңызға ден қойыңыз.Арнайы клубқа қосылыңыз.Кез-келген жанның жеке хоббиі болады.Бәлкім, сіз киім үлгісін ойлап табуды немесе кітап оқығанды ұнататын боларсыз.Бұл клубта сүйікті ісіне әуестер де табылады және бұл көңіліңізді жадыратады.
3.Көршілермен жақын араласу.Бәз біреулер томаға-тұйық боп қалыптасып, ешкімге ішкі сырын ақтарғысы келмейді.Көршілеріңіз түсінігі мол, қайырымды жан болуы мүмкін.Әрбір мейрамда бас қосып, шын жүрегіңмен сыйласып, сырласу-жалғыздықпен қоштасуыңызға пайдасын тигізеді.
4.Көппен кеңесуді әдетке айналдыруға тырысыңыз.Қарым-қатынас ауқымыңызды кеңейтіңіз.
5.Саяхаттыңыз.Әрбір саяхат-жаңа орта ғана емес, ерекше әсер сыйлайды.
Егер өзгелердің сізбен сырласуын қаласаңыз, өзіңізден бастаңыз! Жаныңызға жақын жанды ынта қойып тыңдап, өз пікіріңізді білдіруден қашпаңыз.
Кейбір тұлғалар жалғыздықпен күресе алмай, өмірден түңіліп кетеді.Осындай жағдайда жоғарыдағы кеңестерді пайдаланыңыз.Сонымен бірге психологпен кеңесу артықтық етпейді.
Жалғыздықтан сақтаныңыз!