Жамбыл Жабаев - жүз жасаған бәйтерек
Білімділік мақсаты:Оқушылардың өткен сабақтарда жүз жасаған жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығынан алған мәліметтері бойынша білімі мен дағдыларын тексеру. Өлеңдерді мәнерлеп айтқыза отырып, олардың дұрыс сөйлей білу дағдыларын қалыптастыру. Жамбыл Жабаев шығармашылығының қазақ әдебиетіндегі алатын орны мен маңызын түсіндіру.
Дамытушылық мақсаты:Өлеңдерді мәнерлеп айтқыза отырып, олардың тіл мәдениетін, сөз байлығын, сөздік қорын, шығармашылық қабілеттерін дамыту, есте сақтау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік мақсаты:Оқушыларға Ж. Жабаевтың өлеңдерінің мазмұнын, тақырыбы мен негізгі ойын меңгерте отырып, олардың бойында қазақ халқына, қазақ тіліне деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру, оларға эстетикалық, патриоттық тәрбие беру.
Сабақта қолданылатын көрнекіліктер:
а) Жамбыл Жабаевтың портреті
ә) Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығына
байланысты кезеңдерге арналған көркем суреттер
б) « Жамбыл» тірек - сызбасы
Сабақтың әдіс - тәсілі: сұрақ - жауап түсіндіру
Венн диаграммасы, ИНСЕРТ әдісі, сын тұрғысынан ойлау стратегиясы
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй жұмысын тексеру кезеңі: Үйге берілген тапсырма:
Ж. Аймауытовтың « Әнші әңгімесі.»
1. Әңгіме не себепті « Әнші» деп аталған?
2. Әңгіменің негізгі кейіпкері кім?
3. Әмірқан қандай адам?( оқушылардың үйден дайындаған Әмірхан диалогы)
4. Әңгімеде Әмірқаннан басқа тағы да қандай әнші, сал - серілер, туралы айтылған?
5. Шығарма аяқталмай қалған сияқты. Өздерің қалай аяқтадыңдар?
6. Үй тапсырмасын мұғалім өзі «Көңіл толқыны» күй әуеніне салып Әмірқан туралы қорытынды сөзді өзі айтады.
7. Франция сахнасына барып ең алғаш ән шырқаған қай әнші?
8. Әмірқанның өмірдегі прототипі кім деп ойлайсыңдар?
ІІІ. Жаңа сабақ:
Мұғалімнің кіріспе сөзі: Жарайсыңдар, міне біздердің осындай бәйтертеріміз болған екен. Жаңа сабақты бастамас бұрын әуелі осы «бәйтерек» сөзінің анықтамасына тоқталып кетейік. Қазақта « Бәйтерек» атауына ие болған тамырын тереңге жіберген, көп жыл жасаған, ыстықтағанға сая болатын шаршағанға демеу болатын, жүргіншіге тоқтау болатын үлкен саялы, қасиетті ағаш бар. Астанамыздың қақ төрінде орын теуіп, бар адамзатты өзінің көркімен баурайтын, Қазақстанның символына айналған «Бәйтерегіміз» де осы қасиетті ағаштың үлгісімен салынған. Осындай қасиетті «жүз жасаған бәйтерек» атты атауға ие болған қазақтың жалғыз ғана
Жамбыл Жабаевы екен.
Міне, осы үш бәйтеректі салыстырып, бір - біріне теңеуіміз де бекерден-бекер емес. Іздің бүгінгі сабағымыз « Жүз жасаған бәйтерек» деп аталуы да сондықтан. (тақтаға бәйтеректің суреті, Астанадағы «Бәйтерек» монументі, Жамбыл Жабаевтың суреттері ілінеді).
Жамбыл Жабаев (1846 - 1945)
Біздің бүгінгі сабағымыздың эпиграфы:
Жамбыл дүниеге екі рет келді:
тоғыз ай, тоғыз күнде ана құрсағынан, тоқсан жасқа келгенде заман құрсағынан туылды.
Ғ. Мүсірепов.
Жамбыл...... Түстіктегі Жамбыл тауының бөктерінде, боранды ақпан айында осыдан бір жарым ғасыр бұрын дүниеге ақын келіп, кейін әлгі тауды да, бүкіл қазақ халқын да жалпақ жахан, айдай әлемге жария етті.
Қақаған қара аралас соғып боран,
Ел үрей - көк найзалы жау торыған.
Байғара, Жамбыл, Ханда мен туыппын
Жамбыл деп қойылыпты атым содан.
13 жасынан бастап Жамбыл алғашқы өлеңдерінің шығарып, өз әкесінің келісімінсіз атақты Сүйінбай ақыннан бата алған.
Сүйінбай ақынның батасы.
Сонымен қатар Жамбыл атамыз әр түрлі жанрда өлеңдер шығарған.
Соның бірі - Айтыс ( Айтыс дегеніміз не?)
Жамбыл шығармашылығында айтыс қомақты орын алған. Жамбыл айтыста да, жыраулық өнерде де биік дәрежеге көтеріледі. Ақынның оннан астам айтыстары сақталған. Әсіресе оның Құлманбетпен Досмағамбетпен, Шашубаймен айтысы жақсы мәлім. Жамбыл айтыс ақыны Шөжемен дидарласады. Жамбыл – айтыстың асқан шебері. Ол өз кезенінің көптеген атақты ақындармен айтысып, ешкімнен жеңілмеген. Жамбыл мен Құлманбет айтысы – күрделі, мазмұны кең айтыс, Айтыста Жамбыл жеңеді. Жамбылдың артықшылығы Құлманбетке: байлығыңмен мақтанба, ерлікті айт, татулықты айт, бірлікті айт,- деген сөздерінен көрінеді. Жамбыл Құлманбет сияқты бір жақты емес, ойлауы кең жан - жақты.
Жамбыл батырлық, ерлік, адамгершілік сияқты бүкіл халықтық құндылықтарға толық сенеді дей келе сатиралық өлеңдері: «Кәдірбайдың төбеті» деген өлеңі де бар. («Кәдірбайдың төбеті» өлеңнің оқу.) Сонымен қатар, патшаға қарсы ұл - азаттық қозғалысы кезінде Жамбыл елді азаттық күреске шақырған: «Патша әмірі торылды», «Зілді бұйрық» деген өлеңдері бар. « Сұраншы батыр», « Өтеген батыр» атты жыр - дастандары бар.
Сонымен қатар Жамбыл Верный қаласында өткен Жетісу ақындарының тұңғыш слетіне қатысады, Мәскеу қаласында өткен қазақ әдебиеті мен көркемөнерінің онкүндігіне қатысады.
Жамбыл өмірінің екінші кезеңі ауыр қайғыда болады. 1941 - 1945 жылдар аралығын біздің Отанымыз үшін ең ауыр жылдар болды. Гитлер бастаған неміс басқыншылары соғыс жарияламай жерімізге енді. Сол кезде біздің аталарымыз ел ақсақалдарынан бата алып, майданға аттанады. Ал балалар, енді артқа шегініс жасап, халық поэзиясының бір түрі: тұрмыс салт жырларындағы «бата», «жұбату», «қоштасу» түрлеріне тоқталайық.
Қане, кім қандай бата біледі?
Міне осындай батамен Жамбылдың жалғыз ұлы Алғадай майданға аттанады. Сонда Жамбылдың баласына берген батасын: « Аттандыру» өлеңіне көруге болады. (кітаптан « Аттандыру» өлеңнің оқу»)
Соғыста жүріп Алғадай ерлікпен қаза табады. Жамбыл бұл қазаны ауыр қабылдап, көпке дейін оңала алмайды. Сол уақытта Жамбылға халық ақындары, қазақ жазушылары. өнер адамдары, өзінің шәкірті Кенен Әзірбаев келіп жұбатады. Сондағы Жамбылдың өлеңі: « Алғадай туралы әрбір ой» (оқушылар кітаптан тауып « Алғадай туралы ой» атты өлеңнің оқиды)
Алғадай майданға аттанғаннан кейін 7 күннен соң, Жамбылдың ұрпағын жалғастырар өмірге ұл бала келеді. Немерелі болып, атын ырымдап Қуаныш қояды. Жамбыл осы немересіне алданып, өзін жұбатып « Атаның әлдиі» атты өлеңнің шығарады. ( кітаптан « Атаның әлдиі» атты өлеңнің оқу) Неміс - фашист басқыншылары Нева өзенінің жағасындағы Ленинград қаласы 900 күн қамауда қалады. Халық үшін зұлмат күндер болды. Осы қайғылы жағдайға байланысты Жамбыл өзінің « Ленинградтық өренім» атты өлеңнің арнайды. Жамбылдың бұл өлеңі Ленинград қаласының бар жерінде ілініп, Ленинградтықтарға күш - жігер берді, қуаттандырды.(оқушылар Жамбылдың «Ленинградтық өренім» орысша - қазақша нұсқаларын оқиды).
Жамбыл ауыр қайғыдан кейін басын көтеріп, өз жолдастарының қатарына қосылғанмен де оңала алмайды. Өнер адамдарымен де кездеседі. Өз домбырасын Нұрғиса Тілендиевке бере тұрып: « Мына, қасиетті қара домбыраның киесі сенде болсын. Осыны көзіңнің қарашығындай сақтап, қазақтың қара домбырасын бар әлемге асқақтата паш ет» деп, батасын береді.
Нұрғиса Тілендиев Жамбыл аманатын ұрпақтар сабақтастығы ретінде қазақтың қара домбырасын айдай әлемге паш етіп, Жамбыл атамыз сияқты артына өшпес мол мұра қалдырып кетті.
Жеңіс жырын естіп, ауыр қайғыдан кейін Жамбыл атамыз 1945 жылы 22 маусымда 7 сағат 55 минутта дүниеден өтті. Жамбыл атамыз өлсе де, аты өлген жоқ, хаты өлген жоқ. Жамбыл өлеңдері, жырлары әрқайсымыздың жүрегімізде соғып тұр.
- Неге, не себепті біздер Жамбыл атамыз өлген жоқ дейміз?
- Өйткені, оның атында облыс бар, Жамбыл атында. Жамбыл атында өнер ордасы - театр бар.
Бекіту кезеңі:
Жамбыл атамыздың « Алғадай туралы әрбір ой» атты өлеңін өлең құрылысына талдайық: II шумақ (өлең ұйқасына, шумағына, бунағына, тармағына талдау. Өлең ырғағына талдау) «Алғадай туралы ой», «Аттандыру», «Атаның әлдиі» осы өлеңдерінің негізгі түйіні кім болып тұр? (Алғадай) сөздікпен жұмыс. Сын тұрғысынан ойлау стратегиясы бойынша Жамбыл өлеңдеріне тоқталайық:
«Сұраншы батыр»,
«Өтеген батыр»
«Алғадай туралы әрбір ой»,
«Аттандыру»
«Ленинградтық өренім»
«Жаныс ақынға»,
«Атаның әлдиі»
Сергіту кезеңі: әуен тыңдай отырып, жаттығулар жасау.
Қорыту кезеңі:
Жамбыл – өмірімен де, шығармашылығымен де екі ғасырды молынан тұтастырып жатқан ұлы жырау. 13 - 14 жасынан бастап сөзінің көбін өлеңмен айтқан ақынның XIX ғасыр шегінде шығарған өлең - жырлары мен айтыстары да өте мол болған. Олардан дәуір шындығы, Жамбылдың ақындық мұраты мен зор таланты айқын танылады. Ерлікті, елдікті дәріптеген, халықтың жоғын жоқтап, әлсіздерді күштілердің зорлығынан арашалаған, әділдікті, бостандықты жыр еткен көркем де қуатты поэзиясымен Жамбыл сынды тұлғаларымыз өз ғасырында қазақ әдебиетінде көрнекті орын алады. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев Жамбыл бабамыздың туып - өскен жері Ұзынағашта өткізілген 150 жылдық мерейтойына арнайы қатысып, жамбыл рухына бас иді.
Венн диаграммасы арқылы сабақты қорыту
- Сонымен, біздер бүгінгі сабақта не білдік?
- Не білгіміз келеді? (инсерт әдісі арқылы сабақты қорыту)
Үйге тапсырма: «Аттандыру», «Алғадай туралы әрбір ой», «Атаның әлдиі», өлеңдеріне ортақ кейіпкер – Алғадай бейнесін құрастыру, жазу. «Аттандыру» өлеңін жаттау, «Атаның әлдиі», «Алғадай туралы әрбір ой» өлеңдерін мәнерлеп оқу.