Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 сағат бұрын)
Жаңа ақпараттық технологияны пайдалану заман талабы
Жаңа ақпараттық технологияны пайдалану – заман талабы

Білім беруді ақпараттандыру жағдайында педагог мамандардың біліктілігін көтеру – бүгінгі күннің негізгі міндеттерінің бірі. Сондықтан педагог мамандардың біліктілігін көтеруді ақпараттандыру туралы тұжырымдама, стандарт және оқу тақырыптық жоспарларын жасақтау қажет. Дегенмен осы қажеттілікті шешу барысында педагог мамандардың біліктілігін көтеру үшін ақпараттық технологияны өз қызметтеріне пайдалану саласы бойынша тұжырымдама, модульдік жұмыс бағдарламалары жасақталған. Сонымен бірге білім беруді ақпараттандыру жағдайында педагог мамандардың ақпараттық сауаттылығын қалыптастыру бүгінгі күннің өзекті мәселесі.
Елбасы Н. Ә. Назарбаев өз жолдауында «Техника мамандар иесі – бұл біздің болашағымыз, оларды заңгерлерге, экономистерге және дипломаттарға теңестіруге болмайды» деп атап көрсетті.

Қоғамда ақпараттық технологиялар, есептеу техникасы құралдары кеңінен таралуына байланысты оқу үрдісін ұйымдастыруға, сол сияқты білім берудің мазмұнын өзгертуге де елеулі ықпал етуде. Білім беру жүйесіндегі қайта құрулардың негізгі субъектісі – мұғалім. Қазіргі мектепте шығармашылық ізденіс қабілеті дамыған, жаңа педагогикалық технологияларды жете меңгерген, мамандық шеберлігі қалыптасқан мұғалімдер қажет. Ол бір уақытта әрі педагог, әрі психолог, әрі оқу үрдісін ұйымдастырушы технолог бола білуі керек. Компьютердің мүмкіндіктерін ескере отырып, оқыту мәселесіне талдау жасасақ, психологияның, педагогиканың ілгері оқыту технологиясынан психологиялық - педагогикалық, әдістемелік мәселелер туындайды.
Компьютерлік желі арқылы мектеп мұғалімдері мен оқушылары өздеріне керекті сабақтарды, тесттерді пайдалана алады.

Жаңа технологиялар – педагогтың мүмкіндігін күшейтетін құрал, бірақ ол мұғалімді алмастыра алмайды. Компьютер мүмкінділіктері психология мен дидактика тұрғысынан талданып, керек кезінде педагогикалық талаптарға сай қолданылуы керек.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама