Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Жәнібек хан

Жәнібек (т.ж.б. - 1357 ж.) — Алтын Орда Ұлы хандарының бірі (1342 - 1357 жж.), Өзбек ханның кіші баласы. Жәнібек билік жүргізген алғашқы төрт жыл өте ауыр болды. Себебі осы кезде Қытайдан басталып, бүкіл Еуропаны шарпыған «қара ажал» аталған жұқпалы індет славян князьдіктері арқылы Алтын Орда аумағына да жеткен. Бұл індеттен адам да, мал да қырыла бастаған.

Күйзелген шаруашылықты қалпына келтірген Жәнібек хан өз мемлекетінің аумағын кеңейтуге кіріседі. Илхандар патшалығы да бұл кезде әбден әлсіреген. Осыны пайдаланған Жәнібек Қап тауына жорық жасап, Әзербайжанды тартып алады. Жаулап алған елді билеп-төстеу үшін баласы Бердібекті Тебриз шаһарында қалдырып, өзі Ордасына кайтады. Бірақ жолда қатты ауырып, Дербент маңында кідіруге мәжбүр болады. Жәнібектің сырқатынан қорыққан ханның Тоғылубай есімді бас әмірі Алтын Орда тағына мұрагер болатын өзіне қолайлы адам іздейді. Дерсу Тебризге жаушы аттандырып, Бердібекті шақыртады. Бірақ осы кезде хан кенеттен ауруынан айыға бастайды. Ордада жүрген Ұлының әрекетінен шошыған ол өзінің қаупін Тоғылубайға айтады. Тоғылубай хан шатырынан зәре-құты қалмай қорқып шығады. Бердібек екеуі ақылдаса келе, «ханды өлтіру керек» деп шешеді. Олар түн ішінде хан шатырына басып кіріп, Жәнібекті өлтіреді. Таңертең Тоғылубай қалың әскерге Жәнібек ханның сырқаттан қайтыс болғанын жариялап, Бердібекті хан сайлатады.

Бұл — 1357 жылы болған оқиға. Жәнібек хан өзінің жазғы ордасы Сарайшықта жерленген.

Оқуға кеңес береміз:

Алтын орда


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама