Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Жануарлар қалай өсіп-өнеді?
Сабақтың тақырыбы: Жануарлар қалай өсіп-өнеді?
Сабақтың мақсаты: жануарлардың көктемгі тіршілігімен таныстыру; табиғатпен байланыс орната білу дағдыларын дамыту; табиғатқа қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу. Түрі: жаңа сабақты меңгерту.
Әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, топтық жұмыс. Көрнекілігі: жабайы жануарлар бейнеленген суреттер. Интерактивті тақта. Тест тапсырмалары.

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу, түгендеу, зейіндерін жаңа өтілетін сабаққа аудару
II. Психологиялық дайындық.
Әрбір адам-туысым, досым, жұрағат,
Әрбір сабақ-үйрену, ұғу, ұлағат.
Әрбір ісім-тіршілік, тірек, адамдық,
Әрбір сөзім-шындық, бірлік, адалдық.- Балалар, біздің бүгінгі дүниетану сабағымыз қалай өтсін деп ойлайсыңдар?
- Көңілді өтсін, Сәттілік тілейміз!
- Балалар, сендер жыл басына таласқан хайуанаттар ертегісін білесіңдер. жануарлар жыл басына таласып жыл басы тышқан болып, ал қалған жануарлар өздеріне тиесілі орындарын алған болатын. Қазір сол жыл қайыру кестесін еске түсіріп, қай жануар қалай орналасқанын қарап көрейік.
Тышқан жылы, сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылқы, жылан, қой, мешін, тауық, ит, доңыз.
- Қандай жылды шығарып салып, қай жылды қарсы алдық? Барыс жылын шығарып салып, қоян жылын қарсы алдық.
- Мына, сурет ненің бойтұмары деп ойлайсыңдар? Азияданың. Бұл қандай жануардың күшігі деп ойлайсыңдар? Барыстың күшігі. Барыстың күшігі Азиядаға қалай келді екен, соны көрініс арқылы тамашалап көрейік. Ортаға Барыс күшігі мен Қоян шығады.
- Қоян: Әй, сен кімсің?
- Барыс күшігі: Мен – барыстың күшігі-аланмын.
- Менің атым-Ирби.
Мен-2011 жылғы Азияданың бойтұмарымын.
- Ал, сен өзің кімсің?
- Мен биылғы жылдың иесі қорқақ қоянмын. Мен қорқақ болсам да өте епті, жүйрікпін.
Қоян:- Ирби сен тауда өмір сүрмейсің бе, жерде не істеп жүрсің?
Ирби: Мен биік таудың басында өмір сүріп, қарда асыр салып ойнағанды. Жартастан-жартасқа секіргенді қатты ұнатамын. Бірақ өкінішке орай, биік таудың басында үркек арқарлар мен тәкаппар қырандардан басқа ойнайтын ешкім жоқ. Сондықтан жерден достар іздеп келгенмін.
Қоян: Сонымен дос таптың ба?
Ирби:- Иә, мен көптеген достар таптым. Өзім өмір сүріп жатқан елдің екі қаласында – Астана мен Алматыда Азия ойындары өтетінін естіп Астанаға келдім. Бұл ойынға әртүрлі елдерден қар барысы сияқты батыл, мықты әрі төзімділер келген екен мен сол спортшылармен дос болып, жеңіске жетулеріне тілеулес болудамын.
- Балалар, біздің елімізде Қысқы Азия ойындары өтіп жатыр. Қысқы Азия ойындары жетінші рет өткізіліп отыр. Жарыстар 11қысқы спорт түрінен өтіп жатыр. 69 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Азияның 26 елінен спортшылар қатысады.
Сабақ жануарлар әлемінің алуан түрлілігі туралы әңгімеден басталады. Балалар, біз қандай тарауды өтіп жатырмыз

- Жануарлар әлемі.
- Ендеше жануарлар қандай топтарға бөлінеді екен? 1. Жануарлар топтарын атайық.
Жануарлар
Құстар
сүтқоректілер
қосмекенділер
балықтар
бунақденелілер
бауырымен жорғалаушылар
2. Сүтқоректілер неше топқа бөлінеді? Екі топқа. Аңдар мен малдар немесе үй жануарларымен жабайы жануарлар.
3. Құстар неше топқа бөлінеді? Үй құстары және жабайы құстар.

III. Үй тапсырмасын еске түсіру.- Балалар біз өткен сабақта мәтінді топқа бөліну арқылы жұмыс істегенбіз, қазір сол топтар бойынша тапсырмалар орындайық.
1-топ: Көктемде құстар тіршілігінде қандай өзгерістер болады?
2-топ: Қызғылт қоқиқаздар туралы
3-топ: Көкек туралы
Жалпылама сұрақ. 1. Құстар қалай өсіп өнеді?
2. Құстар ұясына неге жоламау керек?
3. Құстарға қандай көмек көрсете аласыңдар?
Өзекті жағдаят.- жер бетінде құстар жойылып кетсе, не болар еді? Оқушы жауаптары тыңдалады.

IV. Қызығушылықты ояту: Жұмбақтар шешу. Жұмбақтардың шешуін қай топ дұрыс шешсе сол топ сол жануардың атымен аталады.
1. Қорыққанда желаяқ,
Отырғанда томардай-ақ.(Қоян)
2. Жапырақ жоқ бұтасында,
Қос емен өсіп тұр бір басында.(Бұғы)
3. Жаз бойы орман кезеді,
Жеміс-жидек қорегі.
Апан оның іні,
Қысқы ермегі ұйқы.(Аю)

Сонымен, әр топ өз аттарын таңдады.
1-топ: Аюлар,
2-топ: Бұғылар,
3-топ: Қояндар.
Бұл жануарлар қандай жануарлар? Жабайы жануарлар.
- Бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай?
- Жабайы жануарлардың өсіп-өнуі.
- Қандай жылды шығарып салып, қай жылды қарсы алдық? Барыс жылын шығарып салып, қоян жылын қарсы алдық. Олай болса жыл иесі қоянды ортаға шақырайық. Қоян өте жылдам, сергек аң болғандықтан қазір бізге сергіту сәтін жасатады.

V. Сергіту сәті:
Кі-кі бұлғаңдайды түлкі,
Ян-ян секіреді қоян,
Ю-Ю қорбаңдайды аю.
Ыр-ыр ырылдайды қасқыр.
Жаңа материалмен жұмыс. Оқулықтағы мәтінді оқу.
1. Ойын: «Жануарлардың жиналысы». Шарты: оқушылар бірін-бірі көретіндей дөңгелене отырады. Әрбір оқушы өзін бір жануардың орнына қойып, соның атынан сөйлейді. Мыс:- Біз, бақалар, көктемде ұйқыдан оянып, уылдырық шашамыз.
Топпен жұмыс. Әр топ өз атаулары бойынша жануарлар туралы әңгімелейді.
Аюлар тобы: аюлар жайлы.
Бұғылар тобы: бұғылар жайлы.
Қояндар: қояндар туралы.
Қосымша мәліметтер бойынша мәтіннің мазмұнын ашу.
Жануарлардың табиғатқа тигізетін пайдасы туралы пікірталас өткізу.
- Қасқырды орман санитары деп атайды. Өйткені ол ормандағы өлекселерді жейді.
- Жануарлар өсімдіктердің өсіп-өнуіне көмектеседі.
- Зиянды құрттардың көзін құртады.

2. Жануарлардың балаларының атауларымен таныстыру.
Аққудың баласын-көгілдір.
Еліктің баласын-еңілік.
Жолбарыстың баласын-шөнжік.
Аюдың баласы-қонжық.
Бұғының баласын – бұғышақ.
Түлкінің баласын-түлкішек, мыршай.
Қоянның баласы-көжек.
Барыстың баласы-алан.
Киіктің баласы-құралай.

3. Бақылау күнделігімен жұмыс. Сызық арқылы әрбір жануардың баласын тауып көрсетеді.
4. Жануарлар мен табиғат арасындағы байланысты қою.
Өсімдік дала, орман тышқандары жыландар
Өсімдік Жәндіктер аю
Өсімдік жәндіктер кірпілер
Өсімдік бұлан қасқырлар
Сабақты қорытындылау. Мәтін соңындағы сұрақтарға жауап беру.
1. Аңдар қалай өсіп-өнеді?
2. Қосмекенділер мен жорғалаушылар қалай өсіп-өнеді?
3. Жыртқыштар мен басқа жануарлардың көбеюінде қандай айырмашылық бар?
Ойын «Менің сүйіктім». Тақтаға бір жағына жануарлар аттары, екінші жағына төлдері жазылады. Оларды сызбамен қосу.
Оқушыларды бағалау. Топтардың жинаған ұпай сандары бойынша бағалап мадақтау.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама