- 27 қар. 2019 00:00
- 333
Жаралы ақ бөкен
Құралайды көзінен атқан мерген жігіт аң аулауға шығады. Не кезіксе құтқармайтын, нені атып алам деп аттанса, соны қанжығалап келетін мерген бұл жолы ақ бөкен атып әкелу ниетімен шығады екен. Ол жол-жөнекей кезіккен басқа аңдардың ешбіріне оқ шығармай неше күн сарылып тек ақ бөкен іздейді. Ақ бөкеннің терісі саудагерлер үшін табылмайтын қазына, қалта толтырар байлық болса керек-ті. Жігіт неше күн сарылып іздеп жүріп жонда жайылып жүрген бір топ ақ бөкенге тап болады. Қанжығам майланды, табан терім ақталды деп ойлаған мерген баспалап келіп ақ бөкеннің біреуін нысанаға алып, өлер жерің осы деп басып қалады. Бөкендер үрке жөнеліп қыратты асып кетеді. Мергеннің жықтым-ау деп атқан ақ бөкен де ақсаңдай басып топ бөкеннің артынан еріп, қашып қырқаны асып кетеді. Жігіт артынан қуса да, бөкенге жете алмайды, жаралы ақ бөкен өлімнен құтылып кетеді. Мергеннің оғы қалт тиюін бөкеннің киесінен деп ойлаған күйші, ақсақ бөкеннің жүрісін қосып осы күйді тартыпты-мыс.